Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме
Біз тұтынып жүрген азық-түлікке микропластиктің қалай енетінін білгіңіз келе ме
4 жыл бұрын 3661 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Микропластик, дәлірегі, ұзындығы 5 миллиметрден кем пластиктің ұсақ бөлшектерін әлемдік мұхиттан да, сулы-нулы экологиялық жүйеден де кездестіресіз. Тіпті, теңіз өнімдері мен тұз құрамында да ұшырасады. Жер-жаһанды жайлап бара жатқан микропластиктің қоршаған ортадан тағам тізбегіне өтуіне әрі адамның денсаулығына қатер төндіре бастағанына ғалымдар алаңдаушылық білдіріп отыр. Қытай ғылым академиясының (CAS)  ғалымдары таяуда бұл тарапта арнайы зерттеу жүргізіп, адам тұтынатын өсімдіктерді ластай бастағанына көз жеткізді. Бұл жайындағы зерттеу материалы Nature Sustainability мерзімді басылымында жарияланды. Пластиктің көбісі жерге тасталатындықтан алдымен топырақты ластайды. Ал ыдыраған кезде тек топыраққа сіңіп қоймай, сонымен қатар, ағын су арқылы ауыл шаруашылық мақсатында өсірілетін өсімдіктердің тамырына сіңеді. Осы уақытқа дейін ғалымдар пластиктің өсімдікті ластайтынынан хабарсыз болып келді, дәлірегі, бұл туралы ой үш ұйықтаса түсіне кірмеген болатын. Өйткені, өсімдіктің зақымдалмаған тінінен өте алмайтынына сенімді болған еді. Ал жаңа зерттеу микропластиктің өсімдікті де ластайтынын растады. Өсімдік миркопластикті қалай сіңіреді? Өсімдіктің тамыры арқылы енеді. Осылайша өсімдікті тұтынған адам организіміне енеді. Дәлірегі, ғалымдардың мәлімдеуінше, микропластиктің 50 наномтерге дейінгі көлемдегі бөлшегі өсімдік тамырына ене алады. Ал Қытай профессоры Луо бұл көлемнен 40 есе үлкен көлемдегі бөлшегі де өсімдікке ене алатынын алға тартып отыр. Десе де өсімдік арқылы адам организіміне тап болған микропластиктің адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екені әлі зерттелмеген.

Посмотрите, как микропластик добрался до овощей, которые мы едим

Ұқсас жаңалықты қарай отырыңыз:

«Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/arturli/osimdikter-de-plastikpen-qorektenetin-bolyp-shyqty-13766/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат