Бір уақытта «көре» және «тигенін сезе» алатын интеграцияланған «нейрон» жасалды
Бір уақытта «көре» және «тигенін сезе» алатын интеграцияланған «нейрон» жасалды
5 ай бұрын 909 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Пенсильвания университетінің ғалымдары көруге және жанасуды сезуге мүмкіндік беретін сенсорлық ақпаратты сәтті біріктірген «нейронды» жасады.  Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай «нейронмен» жабдықталған робот бір уақытта көре алады және жанасуды сезе алады. Адам миында ақпарат дәйекті түрде өңделмейді - алдымен визуалды, содан кейін тактилді болып «кезекпен» емес, бірден, қатар өңделеді. Ғалымдар мұндай адамға тән қабілетті жаңа «нейронға» енгізе алған екен. Мысықтың ұлпа жүнін сипап көру бір басқа да, оны көзбен тікелей көру – бір басқа: сипап немесе ұстап сезіну ақпараттың бір бөлігін бере алады, алайда, толық ақпаратты бере алмайды, ал  жануардың өзін көру - шешуші сәт: оның үй мысығы ма немесе арыстан ба, бірден ажыратасың. Роботтар әдетте қарапайым қосу принципін ұстанады. Осыны ескерген Пенсилвания университетінің зерттеушілері алғашқы жасанды мультисенсорлық нейронды жасау үшін биологиялық тұжырымдаманы пайдаланды. Осынау аса күрделі зерттеуге атсалысқан Саптарши Дас есімді сарапшы: «Роботтар қоршаған ортаның жай-күйіне қарай шешім қабылдайды, алайда, олардың сенсорлары әдетте бір-бірімен әрекеттеспейді. Шешім барлық сенсорлардың деректерді өңдеу блогын пайдалану арқылы қабылдануы мүмкін. Бұл тәсіл тиімді ме? Адамның миында бір сезім екіншісіне әсер етіп, жағдайды жақсырақ бағалауға мүмкіндік береді», деп түсіндірді. Мәселен, автокөлікте бір сенсор кедергілерді іздейді, ал екіншісі фардың жарығын (тым жарық болса реттейді). Сосын әр сенсор өздері жинаған ақпаратты орталық блокқа жібереді, ал орталық блок өз кезегінде тежеуге немесе фардың жарығын реттеуге нұсқау береді. Ғалымның пікірінше, сенсорлардың бір-бірімен тікелей байланысуына мүмкіндік беру арқылы қуатты үнемдеуге және жылдамдықты арттыруға болады. «Биология микроорганизмдерге ресурстары шектеулі ортада энергияны тұтынуды азайта отырып, өркендеуге мүмкіндік береді», - деді Саптарши Дас. «Әртүрлі сенсорларға қойылатын талаптар қоршаған ортаға байланысты - қараңғы орманда сіз көруден гөрі естеніңізге сенесіз, осы себепті, біз ешқашан бір сезімге негізделген шешім қабылдамаймыз. Біз айналамызды толық білеміз және қалай шешім қабылдайтынымыз біз көрген, естіген, ұстаған, иіс сезетін және т.б.деректерді біріктіруге негізделген. Биологияда сезім мүшелері бірге дамыса, жасанды зердеде бөлек дамыған. Бұл жұмыста біз сенсорларды біріктіріп, миымыздың жұмысына еліктеуді (имитациялауды) мақсат етіп отырмыз». Зерттеушілер бірегей электрлі және оптикалық сипаттамалары қатар кездесетін қосылысқа - молибден дисульфидінің моноқабатына негізделген фототранзистормен тактилді сенсорды біріктіру арқылы мультисенсорлық нейронды жасады. Мұндай нейрон көруден болатын және тактилді сигналдарды біріктіретін ақпаратты өңдейтін электрлі импульстарды тудырады. Саптарши Дас мультисенсорлық нейрондардың жасанды жүйесі сенсорлық технологияның тиімділігін арттырып, өмірдің барлық саласына тереңдеп еніп келе жатқан жасанды зерде технологиясының экологияға зиянсыз жолмен пайдалануға жол ашатынын түсіндірді. Нәтижесінде роботтар, дрондар және өзін-өзі басқаратын көліктер энергияны аз жұмсай отырып, қоршаған ортаны тиімдірек шарлай алады. Бұл зерттеуге өз үлесін қосқан Ендрю Панноне: «Біз тек екі сезімге ғана назар аудардық. Біз қалған сезімдерді де қосып, нәтижесін байқап көру үшін жұмыс істеудеміз», деді.

Схема работы нейрона, объединяющего визуальный сенсор и тактильный.

0 пікір
Мұрағат