Белсіздікті емдеудің тиімді тәсілі табылды
Белсіздікті емдеудің тиімді тәсілі табылды
11 ай бұрын 915 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиядағы Монаш университетінің ғалымдары 40 МГц жиіліктегі инвазивті емес ультрадыбыстық толқындармен жасушаларға әсер ету арқылы баяу қозғалатын сперматозоидтардың қозғалыс белсенділігін 266%-ға арттырды. Бұл тараптағы зерттеу өз кезегінде ерлердің белсездігін емдуде тиімді әрі тың мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы тәжірбе барысында бар-жоғы 20 секундқа созылған ультрадыбыс импулсінен ұрықтың қозғалу қабілеті 64%-дан 90%-ға дейін артқан. Дегенмен, мұндай жолмен берілген белсенділік қанша уақытқа дейін сақталатыны белгісіз. Аналық жасушаны ұрықтандыру ықтималдығын арттыру үшін сперматозоидтардың қозғалу қабілетінің маңызы зор. Әдетте ұрпақ таратуда ұрық белсенділігі төмендеген кезде интрацитоплазмалық шәует инъекциясы (ICSI) сияқты қымбат және инвазивті процедуралар қолданылады. Аталмыш тәсіл IVF-мен біріктіріліп, сперматозоидтар аналық жасушаға тікелей енгізіледі. Ұтқырлықты арттыру, яғни, біз сөз етіп отырған процедура өз кезегінде олигоспермиямен ауыратын ер адамдарға қолдан ұрықтандыру процесін айналып өтуге көмектеседі

Ұқсас материалдар:

«Шәуеттің ерекше қабілеті белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/shauettin-erekshe-qabileti-belgili-boldy-19485/#gsc.tab=0);

«Ұрық қозғалысының Ньютон заңына бағынбайтыны анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/uryq-qozgalysynyn-nyuton-zanyna-bagynbaityny-anyqtaldy-19465/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің қозғалу сыры ашылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-qozgalu-syry-ashyldy-15672/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің неліктен тігінен жылжитыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-nelikten-tiginen-jyljityny-belgili-boldy-14654/#gsc.tab=0);

«Сперматозоидтің таңғажайып «биі»: белсіздікпен күрестің тың тәсілі пайда болуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/spermatozoidtin-tangajaiyp-bii-belsizdikpen-kurestin-tyn-tasili-paida-boluy-mumkin-video-13948/#gsc.tab=0); 

"Ғалымдар жеңімпаз сперматозидті қалай анықтау керектігін үйренді" (https://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-jenimpaz-spermatozidti-qalai-anyqtau-kerektigin-uirendi-14489/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат