Бактериялардың да жадысы бар болып шықты (видео)
Бактериялардың да жадысы бар болып шықты (видео)
5 жыл бұрын 2078 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бактерияларды тобымен немесе биопленканы қадағалап зерттеп жүрген биологтер күлден де ұсақ, тозаңнан бетер организмдердің жадысы барын байқаған. Cell Systems мерзімді басылымында жарияланған аталмыш зерттеу нәтижесі өз кезегінде бактерия секілді тірі организмдерді есептеудің базалық жүйесін қалыптастыруға көмектеседі. Ғалымдар жарық түсірілген (тітіркендірілген немесе ынталандырылған) бактериялық жасушалардың алғашқы кезіндегісінен басқа экспозиция құрғанын аңғарған еді. Осылайша ғалымдар жады паттернін (үлгісін, қалыбын, диаграммасын, схемасын) қалыптастыратын процесті манипуляциялауға (басқаруға) қол жеткізді. Аталмыш жаңалық бірыңғайда деңгейі өте төмен бір жасушалы организмдер мен адам миындағы жадыны қалыптастыратын аса күрделі нейрондар арасындағы соншалықты ұқсастық пен параллелді табуға көмектескен. «Осыдан бірнеше жыл бұрын ғана бактериялық жасушалар мен нейрондардың ұқсайтынын ешкім ойлаған жоқ еді, өйткені, олар әр түрлі жасушалар деп келген еді. Бұл жаңалық адам миының негізгі ерекшеліктерін қарапайым жолмен түсінуге мүмкіндік береді»,- деп түсіндірді аталмыш жаңалықтың маңыздылығын Калифорния университетінің ғалымы Гюрол Сюэль. Süel зертханасында бактериялардың бір-бірімен тілдесу үшін ионды каналдарды пайдаланатыны белгілі болды. Соған қарағанда олар да өздерінің өткен шағына қатысты ақпаратты сақтау мүмкіндігіне ие болуы әбден мүмкін. Осы бағытта арнайы зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерін жүргізген ғалымдар Bacillus subtilis бактериясының жасушалы мембранасының жарықтан өзгерген әлеуеті кездесетін бактериялық биопленкада аса күрделі жады паттернін кодтауға қол жеткізе алған еді. Ғалымдар алғашқы тітіркендіруден кейін бірнеше сағат бойы оптикалық «қолтаңбаның» сақталғанына көз жеткізген. Бұл бір ұяшықта бейнені тікелей бақылауға мүмкіндік берген болатын. Бұл бағытта тек бір тәжірибемен шектеліп қалмай ғалымдар нейрондардың жадыны қалыптастыратыны секілді бастапқы жарық стимулын ұмытпаған жүздеген жекелеген бактериялардан тұратын биопленка қауымдастығынан күрделі бейнені (дәлірегі, Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің Гейзел кітапханасының бұрынғы логотипін) шығаруға талпыныс жасап көрді. Жарықпен тітіркендірілгенде кей бактериялар бұрынғы тәжірибе барысында қолданылған адам шашынан сәл жіңішке сызықтарды жадысында сақтап қалғанын көрсетіп, жауап қатқан. Яғни, сол бейнені түзуге талпынған. Өкінішке қарай адам миы мен нейрондар қызметін визуалауға (көзбен ойша шолуға) әзірге мүмкіндік жоқ. Ал ғалымдардың айтуынша, бактериялар қауымдастығын жадыда кодтау мүмкіндігі болашақта биопленкадағы жады паттерндерінің күрделі кеңістігін таңбалау арқылы биологиялық есептеуді жүргізуге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат