Бактерия төзімділігін қалыптастыра алмайтын, көптеген салада пайдаланылатын технология пайда болды
Бактерия төзімділігін қалыптастыра алмайтын, көптеген салада пайдаланылатын технология пайда болды
1 жыл бұрын 1004 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

RMIT университетінің ғалымдары дәрі-дәрмекке төзімді микробтарды жоя алатын, тиімділігі жоғары әдісті тапты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш инновациялық тәсіл дәрі-дәрмектің көмегін қажет етпейді – бұл әдіс бұрын кей жәндіктің қанатынан табылған ерекшелікті пайдалануды ұйғарады. Жәндік қанатының үстіңгі жағында нанопилляр деп аталатын титтей бағандар немесе діңгектер болады. Олар бактериялық жасушаларды жоя алатынқасиетке ие. Осы ерекшеліктің негізінде микроскопиялық істіктермен қапталған титан бөлшектері жасалды. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында титан бөлшектерімен жанасқан бактериялардың жартысы жойылса, жартысы зақым алып, көбею қабілетінен айырылды және бірнеше күннен кейін жойылды.  Ғалымдар микроорганизмдердің титан істіктеріне қарсы төзімділігін қалыптастыра алмайтынын алға тартып отыр. Мұндай бөлшектер келешекте хирургия мен стоматологияда пайдаланылуы мүмкін. Бұдан бөлек, микробқа қарсы мұндай тиімді тәсіл тұрмыста, ауыл шаруашылығында, т.б. көптеген салаларда кеңінен пайдаланылуы ықтимал.

Микрошипы

0 пікір
Мұрағат