Арзан, жасанды ет өндірудің жаңа тетігі пайда болды
Арзан, жасанды ет өндірудің жаңа тетігі пайда болды
2 жыл бұрын 1524 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар жылдам өсетін әрі жүздеген есе, тіпті, одан да көп мәрте бөліне алатын сиыр бұлшықетінің діңгекті жасушаларын жасай алды. Бұл жайында islam.kz порталы pubs.acs.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Тафтс университетінің жасушалық ауыл шаруашылығы орталығының зерттеушілері қателіктерге жол бермейтін және тез өсетін жасанды ет жасушаларын жасап шығарды. Аталмыш технология биореакторларда ет өсіру құнын төмендетіп, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады. Жасушалардың көпшілігі бөліну және қартаю (тозу) кезінде теломерлер деп аталатын хромосомалардың ұштарында ДНҚ-ны жоғалта бастайды. Бұл фактор ДНҚ-ны көшіру немесе қалпына келтіру кезінде қателерге ұрындыруы мүмкін. Бұл фактор, сонымен қатар, геннің жоғалуына, ақырында жасушаның жойылуына себеп болады. Зерттеушілер сиыр бұлшықетінің діңгекті жасушаларын олардың теломерлерін үнемі жаңартып, хромосомаларды «жас» және репликация мен жасушаның бөлінуінің келесі кезеңіне дайын ұстау үшін жасады. Жасушалардың «өмірін ұзартатын» екінші қадам - жасушаның бөлінуі кезіндегі маңызды мезетті ынталандыратын ақуызды үздіксіз өндіруге мәжбүрлеу. Бұл шара процесті тиімді түрде жылдамдатады және жасушалардың тез өсуіне көмектеседі. Бұлшықеттің діңгекті жасушалары тұтынуға болатын қоректік заттардың соңғы өнімі емес. Олар бөлініп, өсіп қана қоймай, сонымен қатар, жетілген бұлшықет жасушаларына дифференциациялануы (саралануы) керек. Зерттеушілер бұл тарапта арнайы жүргізілген бірқатар тәжірибе арқылы «өлмейтін» діңгекті жасушалардың табиғи нұсқасына мүлдем ұқсамаса да барлық талаптарға сай жетілген жасушаларға айналғанын көрсетті. Жасушадан ет өндіру үшін өсу және бөлу қабілеті өте жоғары бұлшықет және май жасушалары қажет. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен бекітілген технологиялар жасанды ұяшықтарды жасауға мүмкіндік береді, алайда, мұндай өнімдер салыстырмалы түрде қымбатқа түседі және оны өнеркәсіптік деңгейде кең ауқымда өндіру қиынға соғады. Қолдан өсіру үшін тірі жануарлардан алынған бұлшықеттің діңгекті жасушалары әдетте шамамен 50 рет бөлінеді, содан кейін олар тоза бастайды және басқасына ауыстыруды қажет етеді. Балама технология бұл шектеулерді еңсеріп, кең ауқымда өндіру технологиясына қол жеткізе алды.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды ет өндірісінде медициналық регенеративті әдіс қолданылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-et-ondirisinde-meditsinalyq-regenerativti-adis-qoldanylady-14904/#gsc.tab=0);

«Магнит өрісімен жасанды ет өсірілді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/magnit-orisimen-jasandy-et-osirildi-17443/#gsc.tab=0);

«Жасанды ақуыздан жасалған бұлшық ет санаулы секунд ішінде өздігінен қалпына келеді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-aquyzdan-jasalgan-bulshyq-et-sanauly-sekund-ishinde-ozdiginen-qalpyna-keledi-video-13918/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өндірісінің кәдімгі ет өнімдерінен қандай айырмашылығы бар» (http://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-ondirisinin-kadimgi-et-onimderinen-qandai-aiyrmashylygy-bar-12523/#gsc.tab=0);

«Әлемде жасанды ет өндіретін алғашқы фабрика ашылды» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-jasandy-et-ondiretin-algashqy-fabrika-ashyldy-15427/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет компанияларының қатары артып келеді" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-kompaniyalarynyn-qatary-artyp-keledi-14643/#gsc.tab=0);

«Жасанды ет өсіретін зауыт құрылысы салынады» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jasandy-et-osiretin-zauyt-qurylysy-salynady-13088/#gsc.tab=0);

"Жасанды ет төңірегіндегі талас-тартыс өршіп барады" (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-et-toniregindegi-talas-tartys-orship-barady-12689/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат