Ақпаратты ДНК-де тиімді сақтаудың әдісі табылды
Ақпаратты ДНК-де тиімді сақтаудың әдісі табылды
4 жыл бұрын 3903 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақпарат пен деректі мәңгі сақтау құрылғысы әлі жасалған жоқ Жасалмайтын да шығар. Осы заманғы технологиялар мен компьютер жадысы да әйтеуір бір жойылады. Ақпаратты мәңгі сақтаудың адамзат пен өркениет үшін маңызы қаншалықты зор екенін нақты өлшеп білу мүмкін емес. Десе де ақпарат тек ДНК-де салыстырмалы түрде мәңгі сақаталады. Кейінгі кезде ғалымдар ақпаратты адам генінде сақтау қамында тынбай зерттеулер жүргізіп келеді. Олардың бұл ізденісі нәтижесін бере бастады.

Остиндегі Техас университетінің ғалымдары ақпаратты ДНК-де сақтаудың тиімді де тың әдісін тапты. ДНК-де ақпаратты сақтаудың басты қиындығы молекула зақымдалған жағдайда ақпараттың жоғалатындығында жатыр. Кодтаудың жаңа алгоритмі ақпаратты тиімді жазуға да (енгізуге), оны ДНК-ден қажет кезінде шығаруға да мүмкіндік береді. Тіпті, ДНК шиыршығы зақымдалса да ақпаратты қалпына келтіруге болады. Ал ақпаратты жазу әдісі зақымдалуы мүмкін немесе оқылуы қиын ДНК участіктерін айналып өтуге негізделген. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе барысында ғалымдар роман енгізілген ДНК-ны жоғары температура мен ылғалдылықтың әсеріне ұшыратып көрді – ДНК зақымдалса да онда жазылған ақпараттарды еш қатесіз сәтті шығарып ала алған еді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан ғалымдардың бірі Илья Финкельштейннің айтуынша, бұл әдістің басты артықшылығы – зақымдалған ДНК-де ақпараттың жоғалмауында жатыр.

Ақпаратты осы заманғы кез келген сақтау құрылғысына қарағанда мәліметті ДНК-де сақтау 5 млн есе тиімді саналады. Ғалымдардың айтуынша, ДНК-ның миллилитрі Wallmart секілді атшаптырым сауда орталығының екеуіндей ауқымды ақпаратты қамтиды. 

0 пікір
Мұрағат