Антибиотиктің бір түріне төзімділігі қалыптасқан бактерия антибиотиктің өзге түрлеріне де төзімді болып келеді
Антибиотиктің бір түріне төзімділігі қалыптасқан бактерия антибиотиктің өзге түрлеріне де төзімді болып келеді
5 жыл бұрын 5402 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Вашингтон және Айдахо жоғарғы оқу орындары ғалымдарының көптеген антибиотикке төзімді бактериялар туралы зерттеу материалы Nature Ecology & Evolution басылымында жарияланды. Онда антибиотикке төзімді бактериялық патоген төзімділік генін сақтап қоймай, өзге антибиотикке де төзімділік танытады. Осылайша антибиотиктердің көбісіне бой бермейтін супер төзімді бактерияға айналады.

Антибиотик адам өмірін сақтап қалады, алайда, оны пайдалану өз кезегінде антибиотикке төзімді штамдардың дамуы мен таралуына ықпал етеді. Ауруларды бақылау әрі алдын алу жөніндегі орталық келтірген мәліметке қарағанда, жыл сайын АҚШ-та антибиотикке төзімді бактерияларды шамамен 2,8 млн адам жұқтырып, олардың 35 мыңнан асасы қаза табады. Көптеген дәрі-дәрмекке бой бермейтін, екі немесе одан да көп антибиотикке төзімді келетін бактерия инфекциясын емдеп жазу қиын. Бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, антибиотиктің ұзақ уақытқа созылған әсері өз кезегінде бактерияны «шыңдайды». Бұл эффект төзімділік белгілерін бірнеше ұрпақ ауысқанша сақтайды. «Антибиотик әсері, бәлкім, жанама түрде антибиотикке төзімділіктің тұрақты жүйесін таңдайтын шығар. Штамдағы тұрақты жүйе көптеген антибиотикке төзімділікті арттырады»,- деп бұл тараптағы өз ойын білдірді UW биология профессоры Бенджамин Керр. Зерттеу нәтижесі антибиотиктің бактериядағы эвоюциялық динамикаға қалай әсер ететінін көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде бактерияның дәрі-дәрмекке төзімділігінің қалай артқанын көрсетіп қоймай, қоршаған ортада (медициналық мекемелерде, ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын судағы топырақта, т.б.) антибиотикке төзімділіктің қалай сақталатынын да түсінуге көмектеседі. Ғалымдар плазмидтегі антибиотикке төзімділіктің пайда болудың жалпы тетігін тексеріп көрді. Плазмид - геннің көптеген түрін, соның ішінде антибиотикке төзімділік генін де қамтитын ДНК-ның шеңберлі тізбегі. Бактериялар плазмидаға оңай алданып қалады. Десе де плазмиданың да кем-кетігі бар – бұрынғы зерттеу нәтижесі көрскеткендей, бактерия оларды жоғалтуға бейім келеді. «Плазмидтер пайдалы геннің пайда болуына ықпал етуі мүмкін, соған қарамастан ДНК-ның метаболзимі (зат алмасу) немесе репликация (жаңғырту) секілді бактериялық жасушаның ішіндегі көптеген процестерге араласа алады. Сол себепті, ғалымдар плазмидтерді қымбат тұрады әрі қожайыны жасушаға ауырлық түсіреді, деп есептейд»,- деді бұл орайда өз пікірін білдірген биология саласындағы зерттеуге атсалысқан Ханна Джордт. Аталмыш жоғарғы оқу орнының ғалымдар тобы тетрациклинге төзімді плазмидті қамтитын E.coli жасушасын және хлорамфениколге төзімді плазмидті қамтитын  Klebsiella pneumoniae жасушаларын зерделеген болатын. Екі қожайын да (жасушаларды айтып отыр бұл арада) өз плазмидтеріне соншалықты «жанашырлық» білдіре қойған жоқ. Антибиотиктен азат ортадағы он күннен кейін плазмидті қамтитын клебсиелл үлесі 50%-ға дейін кеміп кетті. Ал ішек таяқшасында бұл көрсеткіш - 20%-дан төмен болды. Яғни, осынша плазмидті ғана сақтаған. Ғалымдар келесі кезекте штамдарды антибиотиктің әсері бар ортаға салған кезде штамдар кейін антибиотик қатері жоғалған кезде де өздерінің плазмидіне «берілгендігін, жанашырлығын, туыстығын» танытқан болатын. Антибиотиктен ада ортадағы он күннен кейін E.coli және Klebsiella жасушаларының жартысынан көбісі өз плазмидтерінен айырылмаған еді. «Әлбетте, жасушалар өз плазмидтеріне мұқтаждық танытады - антибиотиктердің әсерінен болатын жағымсыз процестерді жеңіл өткеруі үшін. Біз іріктеп алынған қысымды алып тастағаннан кейін де екі штам да антибиотиктің әсеріне ұшырамай тұрғанға дейінгі деңгеймен салыстырғанда  өз плазмидтерінің едәуір жоғары деңгейде сақтап қалды»,- деді Ханна Джордт. Бұдан бөлек, бұл бағытта арнайы жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, антибиотиктің әсері Клебсиелдің көптеген төзімділігін арттырған. Тіпті, антибиотиктің әсерінсіз-ақ Klebsiella pneumoniae бірнеше плазмидке ие бола алатын қабілетке ие. Мысалы, ғалымдар антибиотик кездеспейтін плазмидке ие бірнеше штамды, клебсиелл мен E. Coli-ді бір жерге жинағанда клебсиелдің бірнеше фракциясы хлорамфениколға төзімділігін танытқан өз плазмидін сақтай отырып, E. Coli-ден тетрацикленге төзімді плазмидке ие бола алды. Ғалымдар бұл тәжірибені антибиотиктің әсеріне ұшыраған бактерияларды пайдалана отырып қайталағанда клебсиелдің антибиотикке төзімділігі 1000 есе артқанын байқаған еді. Алдын ала бір ғана антибиотиктің – хлорамфениколдың әсеріне ұзақ уақыт ұшыраған клебсиел тек хлорамфениколға төзімділігі артып қоймай, сонымен қатар, антибиотиктен азат ортадағы ішек таяқшасының тетрациклинге төзімді плаздмидіне ие болады. Ғалымдардың топшылауы пен пайымдауына қарағанда, эволюция антибиотикке төзімді плазмидтің мықтылығын да, клебсиелдің дәрі-дәрмекке төзімділігінің қалай артатынын да түсіндіріп бере алады: плазмид пен оның «қожайыны» арасындағы конфликтіні барынша төмендету үшін (бұл плазмидтің мейлінше аз шығын болуы үшін керек) олардың геніндегі мутацияға бейім штамдарды антибиотиктің әсеріне ұшырайтындей етуге саяды.

0 пікір
Мұрағат