Антибиотикті антидәрумен алмастыруы мүмкін
Антибиотикті антидәрумен алмастыруы мүмкін
4 жыл бұрын 3683 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Геттинген университетінің, Макс Планк институтының және Texas A&M жоғарғы оқу орнының ғалымдары болашағы зор антидәруменнің ерекшелігін ашты. Бұл арада B1 дәруменінен бір ғана атомымен айрықшаланатын 2'-метокситиамин (MTh) турасында сөз болып отыр. Осының өзі бактерияны жеңуге жетіп жатыр. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Антидәрумен аты айтып тұрғандай дәруменнің жақын баламасы болғанымен ол басқа мақсатта қолданылады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, MTh-ны  бактериялардың кейбірі бәсекелес микробтарға қарсы қару ретінде істеп шығарады. Белгілі бір ортада ымырасыз микрофлораны жоюдың табиғи тетігі ретінде антибиотиктің әрекетін еске түсіреді. Ғалымдар MTh-ді ішек таяқшасынға қатысты қолданып көрген екен - ақуыз кристаллография технологиясына жүгініп, олардың өзара әрекетін қадағалап көрген болатын. Белгілі болғандай, MTh бактерия денесіндегі глутаматқа әсер ететін болып шықты – глутаматтың өзара байланыс құруына ықпал ететініне көз жеткізген. Олар катализаторға айналмайды, алайда, бактерия ақуызындағы протондар қозғалысы үшін өмірлік маңызы зор реакциялар тудыратын болып шықты. Яғни, олар бактерияларды бірден жоймайды, алайда, айтарлықтай әлсіретіп тастайтын болып шықты. Бейнелеп айтқанда, MTh құрылымындағы бір ғана атом сағат тетігіне еніп, оны істен шығаратын ұсақ құм түйірі тәрізді. Аталмыш зерттеу авторы Кай Титтманн айтуынша, бұл антибиотикті алмастыратын жаңа дәрі жасауға септігін тигізеді. Ең маңыздысы – MTh антидәруменінің адам организіміне қауіпті болмауы керек, бұл жайт аталмыш зерттеуді одан ары жалғастыруға мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат