Анестезияның қауіпсіз әрі тиімді тәсілі табылды
Анестезияның қауіпсіз әрі тиімді тәсілі табылды
4 жыл бұрын 2688 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Эмори университетінің Феликс М. Гонсалес есімді ғалымы жиілігі төмен радиосәулеленуді қолдана отырып, ұзақ уақытқа әсері жойылмайтын жансыздандырудың тың тәсілін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz шетелдік мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Aртриттің созылмалы түрінен зардап шегетін науқас дәрігердің алғашқы пациенті болды. Осы емдік тәсілді қолданып көрген. Алайда, Феликс М. Гонсалес болашақта өзінің бұл тәсілінің әмбебап анестездік құралға айналатынына сенім артып отыр. Феликс М. Гонсалестің осылайша бүгінде қолданылып жүрген жансыздандырудың екі проблемасын қатар шешуге мүмкіндік беретін тәсілді тапқанын айта кету керек. Біріншісі – апиынды жансыздандырушы, ол жиі пайдаланылса, адамды өзіне тәуелді етеді, ал екіншісі – кортикостероидты анестетик комбинациясы, тиімділігін тез жоғалтады. Алғашқысы алты айға дейін ауруды басады, ал екіншісі үш айға дейін қауқарлы. Феликс М. Гонсалестің тәсілі анестезия кезінде қолданылатын инъекция (күре тамырға дансыздандыратын дәрі жіберу) тәсілінің орнына энергетикалық жолмен әсер ету тәсілін ұсынып отыр. Аталмыш тәсіл электрод инелерін дерт шалған тұсқа енгізу жолымен жиілігі төмен ауытқу арқылы жүйкені «бұғаттауға» негізделген. Осылайша миға ауру туралы сигналдың бару жолын бұғаттайды. Әлбетте, бұл тәсіл аурудан айықтырмайды, алайда, қауіпті жағы көп дәстүрлі жансыздандыруды қолданып жатпайсыз. Бұл бағытта жүргізілген тәжірибеге 23 науқас өз еркімен қатысқан екен. Нәтижесінде үш айдың ішінде оңды көрсеткішке қол жеткізілген: артриттен зардап шегетін науқастың дертінің жанына батуы 85 пайызға кеміген. Буындарының қызметі 74 пайызға қалпына келген. Феликс М. Гонсалес мұнымен ғана шектеліп қалмай, қатерлі ісікке шалдыққандарға өзінің тәсілін қолданудың жолдарын іздестіріп жатыр.

Феликс М. Гонсалес

Феликс М. Гонсалес

0 пікір
Мұрағат