Ағаштан «жанармай-жағармай» алынды
|
Үнді аумағында өсіп-өнетін әрі жергілікті халық медицинасында кеңінен қолданылатын, сондай-ақ, дәні мен жемісінен май бөлінетін Azadirachta indica («Үнді ағашы») ағашын ғалымдар автокөлік қозғалтқышы үшін биодизел алу үшін пайдаланды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үндістанның Раджастанға қарасты Удайпуре қаласындағы Махарана Пратап ауыл шаруашылық және технологиялық университетінің машина құрастыру факултетінің Бхеру Лал Салби және Судқакар Жиндал есімді студенттері екі сатылы трансэтерификация реакциясы негізінде аталған ағаштан биоотын алуға қол жеткізді – шамамен 88%. Жаңа биодизелді отын тығыздығымен әрі жабысқақтығымен ерекшеленеді – әдеттегі мұнайдан алынған дизел отынына қарағанда. Осы себепті, оның энергияның тығыздығы немесе ылу бөлу қабілеті төмен келеді. Алайда қандай да бір көлемге қарай 20%-ға дейін мұнайдан алынған дизелді отынмен араластырса, қозғалтқышта пайдалануға жарамды дизел отынына айналдыруға болады. Бұған қоса, мұндай аралас, яғни, қосынды биоөнім тежегіштің жанармай тиімділігіне әсері аз болғанымен жалын бөлу деңгейін төмендете алды әрі көмірқышқыл газын бөлу деңгейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл екі маңызды фактор оның мұнайдан алынған биоотынға қарағанда бәсін арттырып тұр десе де болады. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, бөлінген көмірқышқыл газын сараптау нәтижесі көрсеткендей, ағаштан алынған, 20% мұнай биодизелі араластырылған биодизелдің көмірқышқыл газын бөлу мөлшері сағатына өндірілген киловаттқа шаққанда 0,14 келіден аспаған. Осылайша аталған жаңа биоөнім экологиялық тиімді отын ретінде болашақта мұнайдан алынған биоотынды ішінара алмастыруы мүмкін.