Адамзат жұмыртқадан болашақта бас тартуы мүмкін
Адамзат жұмыртқадан болашақта бас тартуы мүмкін
3 жыл бұрын 1880 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ақуызға бай болғандықтан адам тұтынатын негізгі азықтың біріне айналған жұмыртқадан адамзат болашақта бас тартуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы helsinki.fi ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жұмыртқа ақуызы – жаппай тұтынылатын өнім. Келешекте осы өнімді беретін млрд-таған тауық өсірудің, құс фермаларын ашудың, млн-даған тонна жем өндірудің қажеті болмай қалады. Өйткені, әлемде жұмыртқа ақуызының негізгі компонентін істеп шығаратын саңырауқұлақ табылды. Аталмыш саңырауқұлақтан ақуыз тауық жұмыртқасын алмастыратын, экологияға зияны жоқ баламалы нұсқасына айналуы мүмкін. Финляндиядағы Хелсинкі универистетінің және Техникалық зерттеулер орталығының (VTT) орталығының мамандары жұмыртқаның ақ ұнтағының жартысынан көбін құрайтын сопақ буминді өндіру үшін жіп тәрізді Trichoderma reesei саңырауқұлағының генетикасын өзгертті. Осы мақсатта фин ғалымдары жұмыртқа альбуминінің синтезіне жауапты тауық генін аталған саңырауқұлақ ДНҚ-на кіріктіріп, қажетті ақуызды алуға қол жеткізген, соан соң оның концентратынан ұнтақ әзірледі. Нәтижесінде саңырауқұлақ ақуызы жұмыртқаға тән сапаға ие болған. Тауық өсіру процесімен салыстырғанда саңырауқұлақтардан овальбумин өндіру құс шаруашылығына қажетті жерді пайдалану талаптарын 90% дерлік төмендетіп, осы шаруашылықтан атмосфераға бөлінетін парниктік газдардың мөлшерін 31-55% азайтуы мүмкін. Десе де саңырауқұлақ өндіру процесінің қанша энергияны қажет ететіні зерттелген жоқ, бірақ, құс фабрикаларына қарағанда әлдеқайда аз болатыны сөзсіз. Көміртекті аз бөлетін энергия көздерін пайдалану арқылы қоршаға ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың деңгейінн 72%-ға дейін азайтуға болады.

0 пікір
Мұрағат