Адамның бұрын беймәлім болып келген тағы бір ағзасы табылды
Адамның бұрын беймәлім болып келген тағы бір ағзасы табылды
1 жыл бұрын 1313 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Цюрихтегі Биохимия институтының ғалымдары адам организімінен ғылымға бұрын белгісіз болып келген тағы бір ағзаны тапты. Ол адамның иммундық жүйесінің қызметіне қолдау көрсетеді. Бұл жайында islam.kz порталы Molecular Biology of the Cell (MBoC) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол магнит сияқты цитоплазмада ДНҚ-ның шашыраңқы «бөліктерін» ұстайды, осылайша жасуша ядросына бөгде, вирустық немесе бактериялық генетикалық материалдың енуіне тосқауыл қояды. Осы уақытқа дейін адамзатқа белгісіз болып келген бұл ағза эксклюсом деп аталды. Десе де орыс ғалымдары оны имммунитет ағзасы еместігін алға тартып отыр. Дәлірегі, Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесіне қарасты иммунология және физиология институтының ғылыми қызметкері Михаил Болков эксклюзомды негізінде ағза емес, жасуша ішіндегі экстрахромосомалық ДНҚ-ны секвестрлейтін мембраналық түзіліс, деп санайды. Ғалымдар оны адам ағзасы мен оның жасушалары күрделі сипат ала бастағанға дейін пайда болған адам геномының ежелгі қорғаныс жүйесінің бір бөлігі, деп болжап отыр. Аталмыш жаңалықтың маңыздылығы сонда - адамзатқа аутоиммундық ауруларды емдеудің тың тәсілін табуға көмектеседі. Өйткені, эксклюсом вирустар мен бактериялардың генетикалық материалын цитоплазмада ұзақ уақыт сақтай отырып, бөгде заттарға қарсы иммундық жүйенің қызметін оқтын-оқтын ынталандырып отырады.

Ұқсас материалдар:

«Адам организімінен бұрын беймәлім болып келген ағза табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-buryn-beimalim-bolyp-kelgen-agza-tabyldy-18039/#gsc.tab=0);

«Бұрын белгісіз болып келген адам ағзасы табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/buryn-belgisiz-bolyp-kelgen-adam-agzasy-tabyldy-18480/#gsc.tab=0);

«Адам организімінен жаңа ағза (орган) табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-organiziminen-jana-agza-organ-tabyldy-14291/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат