Адам тінін алмастыратын материал жасалды
Адам тінін алмастыратын материал жасалды
4 жыл бұрын 3483 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар адам тінін алмастыра алатын материал жасап шығарды. Ол резеңке тәрізді. Оны түрлі медициналық ота кезінде табиғи тінді алмастыруды пайдалануға болады. Чалмерс технологиялық университеті ғалымдарының бұл төңіректегі зерттеуі ACS Nano мерзімді басылымында жарияланды. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сөз орайы келгенде айта кету керек, соңғы жылдары ғалымдар адам ағзасын алмастыра алатын түрлі ағзаларды пробиркіде өсіріп, түрлі тәжірибелерді жүргізіп жатыр. Бұған қоса, жасанды теріден бастап, сан алуан импланттарды жасауда. Мұның бәрі донор тапшылығын жою әрі күйік шалған, түрлі жарақат алған, ауру салдарынан, қабынудан пайда болған организмдегі кінәраттарды жою үшін қолға алынып жатыр. Десе де мұндай материалдардың көбісі организмді жатырқап жатады. Түрлі себеппен, соның ішінде биологиялық тұрғыдан сыйыспайда немесе ботокс секілді улы болып келеді, я болмаса организмді инфекциялық ауруларға шалдықтырып жатады. Яғни, сан бар да сапа жоқ. Осыны ескерген ғалымдар адам организіміне орнығып, кірігіп кете алатын, сын тезінен өткен компоненттерден тұратын, сол себепті, биологиялық тұрғыдан жатсынбайтын адам тінін алмастырушы материал жасауға қол жеткізді. Аталмыш материал медициналық технологияды кеңінен қолданыла бастаған зат – плексиглас негізінде жасалған. Ғалымдар плексигластың дизайны мен наноқұрылымын өңдей келе оған жаңа сапа үстей алды: ол сүйек секілді қатая алады немесе тін секілді жұмсарады. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Мартин Андерссонның айтуынша, материал беткі жағында бактерияның көбеюіне жол бермейтіндей етіп конструкцияланған. Сол себепті, оны медициналық мақсатта батыл қолдануға болады. Бұрын ғалымдар медузаның көмегімен адам үшін жасанды тері жасауға болатынын анықтаған еді. Cassiopea andromeda терісінің жабындысы адам терісіне ұқсас, ондағы стрекателді жасушаларды адамдікіне салса, дайын тері алуға болады.

0 пікір
Мұрағат