Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды
Адам өлгеннен кейін белсенді әрекетке көшетін зомби жасушалар табылды
4 жыл бұрын 7971 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Адам өлгеннен соң организмдегі барлық жүйе өз қызметін тоқтатады деген қасаң түсінік қалыптасқан. Жүректің соғуы тоқтап, оттегінің қан арқылы өзге ағзаларға жету жолы жабылады. Осыған қарамастан мидағы кей жасушалардың адам өлген соң тек өз функциясын орындап қоймай, сонымен бірге, өлі тіндегі өз генінің экспрессиясын, яғни, белсенділігін айтарлықтай арттыратыны белгілі болды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Scientific Reports мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай таңқаларлық жаңалықты Чикаго қаласындағы Иллинойс университетінің (University of Illinois at Chicago) ғалымдары ашты. Аталған америкалық жоғарғы оқу орнындағы адам миының тіндерін сақтайтын биорепозиторияның болуы осынау жаңалықтың ашылуына себеп болғанын айта кету керек. Мұнда ми үлгілері адамнің өлгеніне көп уақыт өте қоймаған кезде немесе қандай да бір неврологиялық аурудан зардап шегетін науқастың тінін отамен сылып тастаған кезде түседі. Бірыңғайда адам миының банкі ретінде алға шығатын бұл орын ғалымдарға шизофрениядан, талмадан, Альцгеймерден, т.б. ми мен жүйкеге қатысты түрлі аурулар мен ауытқуларды зерттеуге мүмкіндік берген.

 

Дәрігер Джеффри Лёб Иллинойс университетінің нейрорепозитория директоры

Фото Jenny Fontaine/UIC 

Ғалымдар бұл бағытта ең алдымен ота жасалынған адамнан сылып алынған тін мен репозиторияда жатқанынан 12 сағаттан артық уақыт кеткен тіннің арасындағы айырмашылыққа назар аударған. Ескі тіндегі кей гендердің экспрессиясының жоғары екенін байқаған. Осыдан кейін бұл құбылысқа ете мән беріп, зерттеуге кіріскен. «Біз бұл тіндерге симуляция жасап, ондағы барлық геннің экспрессиясын өлгеніне 0-ден бастап 24 сағатқа дейін уақыт өткенше қадағалауды ұйғардық. Ол үшін біз үй температурасы жағдайында қалдыруды жөн көрдік»,- деп атап өтті аталмыш зерттеуге атсалысқан Джеффри Лёб (Jeffrey Loeb). 

Бұл тіндердегі гендердің көп бөлігі 24 сағат ішінде өз қызметін өзгертпеген. Ал нейрондағы гендер адам өлгеніне бір сағат өтпей жатып дегредацияға ұшырай бастаған. Керісінше «зомби гендер» адам өлген соң өзінің белсенділігін арттырған. Ғалымдар артынан анықтағандай, бұл гендер мидағы қорғаныс қызметін атқаратын глиалды жасушалармен байланысты болып шыққан. Мұндай белсенділікті ғалымдар былайшы түсіндіріп отыр: глиалды жасушалар немесе нейроглия ми жарақат алғанда немесе инсульттан кейін ғана қызметіне кіріседі. Олар миды өлген жасушалардан тазартады. Бұл тарапта жүргізілген тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, нейроглия тін өлген соң өсіп, 24 сағаттан соң белсенділігі жоғалып, өзін қоршаған өлі тінге «сіңіп» кетеді.

 

Глиалды жасушалар ми өлген соң өсуін жалғастырады

Фото Dr. Jeffrey Loeb/UIC 

Бұл жаңалық несімен құнды? Ғалымдар аталмыш жаңалықтың өз кезегінде адамның жүйке тінін зерделеудің тәсілін өзгертуге мүмкіндік беретінін алға тартып отыр. 

Ұқсас материал:

«Жасуша жойылса да органелла тіршілігін жалғастыра береді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasusha-joiylsa-da-organella-tirshiligin-jalgastyra-beredi-14867/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат