50 жастан кейін әке атану мүмкіндігі үштен бірге азаяды
50 жастан кейін әке атану мүмкіндігі үштен бірге азаяды
3 жыл бұрын 3157 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдардың бұл тарапта таяуда арнайы жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша жасы елуді еңсерген ерлердің әке атану мүмкіндігі үштен бірге қысқарады. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Mail ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта белсіздіктен емдеу курсынан өткен 4,3 мың британдық ер-азаматтар мәліметтерінің анализі Лондондағы репродуктивті және генетикалық денсаулық орталығының мамандарына ерлердің биологиялық сағатының қашан сыр беретінін, дәлірегі, ұрықтандыру қабілетінің қашан күрт төмендейтінін анықтауға мүмкіндік берді. Ғалымдар анықтағандай, белсіздіктен емдеу курсынан өткен, жасы 50-ден асқан ер-азаматтардың ұрпақ өрбіту қабілеті дені сау жастарға қарағанда 33%-ға кем болған. Аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен дәрігер Гай Моррис осы зерттеу нәтижесіне байланысты перзент сүйгісі келген ерлерге ертерек қамдану керектігін ескертті. Сондай-ақ, ғалымдар күллі әлем бойынша ұрпақ өрбітуді кейінгі қалдырудың қалыпты жағдайға айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп отыр. Кешірек үйленіп, перзент сүйген күннің өзінде оның денсаулығында кінәрат болатынын, өйткені, адам жасы ұлғайған сайын генетициялық мутацияға ұшырайтындықтан дені сау ұрпақ өрбіту қабілетінің азая беретінін алға тартып отыр. Бұл турасында кезінде сайтымыздың жаңалықтар таспасында жариялағанбыз (Қараңыз: «Жасы ұлғайғанда перзент сүйгісі келетін ер адамнан ұрпағына берілетін мутация қатері жоғары» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasy-ulgaiganda-perzent-suigisi-keletin-er-adamnan-urpagyna-beriletin-mutatsiya-qateri-jogary-15305/#gsc.tab=0). Мәселен, осы зерттеу аясында қарастырылған мынадай дерек ғалымдарды алаңдатып отыр: Англия мен Уэльстегі 2016 жылы туған балалардың 15%-ның әкесі 40 жастан асқанда дүниеге келгендер құраған. Бұл жайт өз кезегінде мезгілінен ерте туып қалу оқиғаларының жиілігін әрі аналардың гестациялық сусамыр дертіне шалдығу қатерін арттырған. Яғни, кеш бала көтеру құрсақтағы шаранаға да, анасына да кері әсерін тигізген. Бұл тарапта британдық ғалымдар ұрық сапасы мен ұрықтандыру тәсілін, өзге де факторларды ескерген екен. Десе де қрпақ өрбітер жастағы ерлердің өмір сүру салты мен жат әдеттерге үйір келетіні немесе келмейтіні, салмағы секілді факторларды назарға алмаған болатын. Бұл факторлардың да ұрпақ өрбітудегі маңызы кем емес. Бұл бағыттағы 2017 жылы АҚШ-тағы ЭКО цикліне қатысқан 19 мың адамның дерегі негізінде жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, 30 асқа дейінгі әйелдер 30-35 жас аралығындағы ерлермен бірге ұрпақ өрбіту мүмкіндігі 73%-дан аспаған. Ал бұл көрсеткіш 40-42 жастағы ерлер арасында 46%-ды ғана құраған екен. Сол зерттеуде жасы 50-ден асқандардың ұрпақ өрбіту қабілеті зерделенбеген екен.


Ұқсас материалдар:

«Жасы ұлғайғанда перзент сүйгісі келетін ер адамнан ұрпағына берілетін мутация қатері жоғары» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasy-ulgaiganda-perzent-suigisi-keletin-er-adamnan-urpagyna-beriletin-mutatsiya-qateri-jogary-15305/#gsc.tab=0);

«Кеш әке атанудың қасіреті мен қатері қандай?» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kesh-ake-atanudyn-qasireti-men-qateri-qandai-8818/#gsc.tab=0);

"Ширек ғасырдан кейін ерлер ұрпақ өрбіту қабілетінен айырылуы мүмкін..." (https://islam.kz/kk/news/arturli/shirek-gasyrdan-keiin-erler-urpaq-orbitu-qabiletinen-aiyryluy-mumkin-15188/#gsc.tab=0); 

"Шала туған ұл балалар басқаларына қарағанда ерте қартаяды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-ul-balalar-basqalaryna-qaraganda-erte-qartayady-15243/#gsc.tab=0);

"Шала туған шараналардың қауіпті дертке шалдығу қатері жоғары" (https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-tugan-sharanalardyn-qauipti-dertke-shaldygu-qateri-jogary-15568/#gsc.tab=0);

«Жаһилияға тән әдет тенденцияға айналып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jahiliyaga-tan-adet-tendentsiyaga-ainalyp-keledi-15570/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат