3D-технология көмегімен жасанды қан тамырлары басып шығарылды (видео)
3D-технология көмегімен жасанды қан тамырлары басып шығарылды (видео)
3 жыл бұрын 2314 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдің Хайфа қаласындағы Техниона (технология институтының) жоғарғы оқу орнының ғалымдары тарихта тұңғыш рет көптеген салаларға ензіліп жатқан 3D-технологиясының көмегімен жұмыс істейтін қан тамырларын басып шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Advanced Materials мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш технологияның игілігін белгілі бір ауруларды емдеуде пайдалануға ден қойған израилдік ғалымдар қол жеткізген бұл жетістік өз кезегінде имплантталған тіндерді қанмен қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнамақ. Бұл бағыттағы зерттеуге профессор Шуламит Левенберг пен дәрігер Ариэл Алехандро Шкланни жетекшілік етті әрі технионалық, чех және америкалық әріптестері атсалысты. Осылайша 3D-принтерінде бірінші рет үлкен және кіші қан тамырларының функционалды комбинациясын қамтитын қан тамырларының желісі бар ұлпа жапқышын басып шығарды. Жүрек қанды айдағанда тармақталып кететін тамырлар арқылы күллі организм мен тіндер (ұлпаларды) оттегімен және өзге де қоректік заттармен қамтылады. Денеге қондырылған жасанды ұлпалар (тіндер) осыған ұқсас жүйеге зәру. Иерархиялық тамырлы тораптары бар жасанды тіндерге жүргізілген тәжірибе барысында алдымен сау ағзаға трансплантациялаудың аралық кезеңі енгізілді, бұл тіннің иесінің қан тамырларына енуіне мүмкіндік береді, содан кейін құрылымды зақымдалған аймаққа трансплантациялайды. Ал біз сөз етіп отырған технология пациенттің сау ағзасындағы немесе дене мүшесіндегі тінге алғашқы трансплантацияның (зақымдалған аймаққа трансплантацияланбас бұрын денедегі қан тамырларына енуі үшін) аралық кезеңін қажет етпейді. 3D-принтерінде басып шығарылған қан тамырлары имплантаттың организмді жатырқау қатерін азайтуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат