Waveswing толқын электр стансасы бастапқы есебінен 20% жақсы нәтиже көрсетті (видео)
Waveswing толқын электр стансасы бастапқы есебінен 20% жақсы нәтиже көрсетті (видео)
2 жыл бұрын 1298 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Шотландиялық AWS Energy компаниясы толқын энергиясын пайдаланатын теңіз электр стансасының жұмыс прототипін сынаудың бірінші кезеңі сәтті аяқталғанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы awsocean.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қондырғы «Waveswing» деп аталды және алты ай бойы Оркни аралдарына жақын Атлант мұхитындағы Еуропалық теңіз энергиясы орталығының оқу-жаттығу полигонында жұмыс істеді. Сонымен қатар, жүйенің орташа өнімділігі алдын ала есептелген көрсеткіштен 20% жоғары тиімділік танытқан. Waveswing электр стансасы екі қалқымадан тұрады, төменгісі анкерлі, екіншісі оған қатысты тік жазықтықта тербеле алады. Бұл келе жатқан толқындардың салмағының әсерінен болады, ал ауа қысымы қалтқы ішінде арнайы поршендерде пайда болады, содан кейін жүйенің жоғарғы бөлігін бастапқы күйіне қайтарады. Қарапайым гидравликалық қозғалтқыш алға қарай бағытталған қозғалысты айналмалы қозғалысқа айналдырады және генераторды айналдырады. Электр стансасының биіктігі - 7 м, диаметрі - 4 м, салмағы 15 кВт стандартты модул үшін 50 тоннаға дейін жетеді. Мұхиттағы сынақ алаңында сынақтан өткен кезде қондырғы қалыпты толқындарда орташа есеппен 10 кВт өндірді, десе де ең жоғары жүктеме кезінде 80 кВт-қа энергия дейін өндіре алады. Мұндай электр стансасын орнату үшін 12 сағат жеткілікті, ол іс жүзінде техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді, өйткені, теңіз суы қондырғы ішіндегі механизмдерге әсер етпейді. Waveswing 10 балдық дауылға дейін төтеп бере алады. Тұжырымдамаға сәйкес Waveswing қондырғыларын қуаттылығы 0,5 МВт-қа дейінгі көп секциялы құрылымдарға біріктіруге болады. Толқындық энергия дүниежүзілік мұхиттың кез келген жерінде, тәулік бойы дерлік жиналуы мүмкін. Тіпті, күн тымықта үлкен су массаларының шағын қозғалыстарының өзі кез келген жағдайда таусылмайтын энергия көзі болып табылады.

Ұқсас материалдар:

«Теңіз толқындарынан энергия өндіретін құрылғының тиімділігі жоғары болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/teniz-tolqyndarynan-energiya-ondiretin-qurylgynyn-tiimdiligi-jogary-bolyp-shyqty-video-17256/#gsc.tab=0);

«Толқыннан энергия өндіретін өзгеше құрылғы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/tolqynnan-energiya-ondiretin-ozgeshe-qurylgy-jasaldy-video-17288/#gsc.tab=0);

«Теңіз платформасы бір мезгілде үш жаңғыртпалы энергия көзінен энергия өндіреді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/teniz-platformasy-bir-mezgilde-ush-jangyrtpaly-energiya-kozinen-energiya-ondiredi-fotovideo-13648/#gsc.tab=0);

«Әлемдегі теңдесі жоқ қондырғы іске қосылды» https://islam.kz/kk/news/arturli/alemdegi-tendesi-joq-qondyrgy-iske-qosyldy-15550/#gsc.tab=0)

 

0 пікір
Мұрағат