Тарихта алғаш рет науқас 2-ші типті қант диабетінен жазылды
Тарихта алғаш рет науқас 2-ші типті қант диабетінен жазылды
6 ай бұрын 739 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары табаны күректей ширек ғасыр бойы (25 жыл) екінші типті қант диабетінен зардап шеккен 59 жастағы науқасты діңгекті жасушылар терапия көмегімен емдеп жазды. Бұл жайында islam.kz порталы Cell Discovery мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Науқас ер адамға 2021 жылы діңгекті жасушалар трансплантацияланды. 2022 жылдан бері қан құрамындағы қант деңгейін бақылау үшін дәрі-дәрмек қабылдамады. 25 жыл бойы сусамырдан зардап шеккен ол инсулин істеп шығаратын ұйқы безінің түгелге дерлік жасушыларынан айырылған болатын. Мұндай пациенттер мұндай гормонның орнын толтыру үшін ұдайы ине салуға мәжбүр болады. Зертханадағы ғалымдар діңгекті жасушалардан ұйқы безі жасушаларын жасады. Мұндай жасушалардың ерекшелігі олар жасушаның кез келген (жүйке, бұлшықет, бүйрек, т.б.) түріне айналуы мүмкін. Діңгекті жасушаның нақты қандай жасушаға айналатыны ортасына, дәлірегі, белгілі бір заттар құрамына байланысты. Бұл зерттеуде ғалымдар ұйқы безі жасушаларын түрлендіру үшін белгілі бір заттарды пайдаланды. Осы уақытқка дейін бірде-бір адам қант диабеті дертінен құтылған емес. Қандағы қант деңгейі дәрі-дәрмекті қабылдамай-ақ уақытша қалыпты деңгейге жақындауы мүмкін (ремиссия). Оның өзінде бұл пациенттерден салыстырмалы түрде қатаң диета мен жаттығу бағдарламасын сақтауды қажет етеді. Ғалымдар бұл әдістің 1 типті қант диабеті бар адамдарға жарамайтынын алға тартып отыр. Өйткені, мұндай терапияда иммундық жүйе трансплантталған ұйқы безіне (организмге бөгде агент ретінде қарап) шабуыл жасайды. Сондықтан  трансплантацияланған жаңа жасушаларды жойып жібереді. Бұл бағыттағы зерттеу әлемдегі өлім-жітімнің тоғызыншы себебіне айналған қант диабетімен ауыратын жарты миллиард адам үшін үлкен қадам болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат