|
Табиғаттың тылсым құбылысын мыңдаған турист тамашалады (видео)
|
Өткен сенбіде Аргентинадағы Перито Морено мұздағының маңына мыңдаған саяхатшы жиналып, табиғаттың тылсым күшімен пайда болған мұзды көпірдің құлау сәтін тамашалады. Төрт жылда бір қайталанатын құбылысты ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар қатарына да қосқан. Өзен мен жағалау арасын жалғайтын көпірдің пайда болуы мен құлауы 2004 жылдан бері басталған. Мамандар оны жаһандық жылыну мәселесіне ешқандай қатысы жоқ деп отыр. Соңғы рет мұндай көріністі саяхатшылар 2012 жылы тамашалаған болатын. Алайда ол кезде ғажайып құбылысты көру бақыты көп адамға бұйырмаған еді. Бірақ, осы жолы алып мұз көпірі көпшілік алдында құлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді