Сегіз бірдей пайдалы құралы бар Lovork қолшамы пайда болды (видео)
Сегіз бірдей пайдалы құралы бар Lovork қолшамы пайда болды (видео)
25 күн бұрын 424 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Модулді  Lovork қолшамы саяхатшыларға бірден 8 қажетті функцияны ұсынады. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның корпусы берік ABS пластиктен жасалған және резеңкелі қорғаныс қабатымен жабылған. Шамның ішінде 5000 мАч литий-ионды аккумулятор бар. Бір жағында күшті магнит, ал екінші жағында мөлдір әйнекпен жабылған күңгірттендірілетін RGB жарықдиодты шамдары бар. Құрастырушылар құралдың сегіз сағат жұмыс істей алатынын алға тартып отыр. Магниттің арқасында қолшамды металл заттар мен бұйымдарға бекітуге («іліп» қоюға) болады. Магнит, сонымен қатар, 2,8 сағатқа дейін жұмыс істей алатын, реттелетін және реттелмейтін прожекторларды қоса алғанда қосымша модулдерді де бекітуге мүмкіндік береді. Бұл айтылғандардан бөлек, құрамында қауіпсіз, резеңкелі пышақтары бар желдеткіш және түрлі лагер жабдықтарын үрлеуге арналған үш адаптерден тұратын ауа сорғысы бар. Lovork қолшамы маза бермейтін жәндіктерден де қорғайды - онда екі инсектицидті таблетканы бірден жүктеуге және жылытуға мүмкіндік беретін масалардан қорғау модулі бар. Сонымен қатар, 5 Вт ықшам Bluetooth динамигі де бар. Айрықша құрылғының батареясы басқа гаджеттер үшін қуат көзі ретінде қызмет ете алады. Kickstarter инвесторлары 89 долларға толық аксессуары бар қолшамға ие бола алады. Бөлшек сауда бағасы 159 доллар деп белгіленуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат