Сарапшы «әруақтар ботының» адам психикасына әсері туралы айтты
Сарапшы «әруақтар ботының» адам психикасына әсері туралы айтты
2 ай бұрын 413 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде әдебі жөніндегі сарапшылар қайтыс болып кеткен адамдардың цифрлы сыңарын – «әрауақтар ботын» жасауға қатысты өз пікірін білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кембридж университеті ғалымдары мұндай сервис тірі адамдарға қайтыс болып кеткен туыстарымен «тілдесуіне», сағынышын басуға көмектескенімен «әруақтар ботының» адам психикасына залалын тигізетінін алға тартып отыр. Катажин Нобашық Басынқа есімді дәрігер жасанды зерде саласындағы шапшаң прогресс қайтыс олып кеткен адамдарды цифрлы ортала тірілтудің жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті. Алайда, мұның өз қатері мен кері әсерін барын жасырмады. Сондй қауіптердің біріне жарнамалық мақсатта өлген адамдардың цифрлық бейнелерін пайдалана отырып, тұтынушылардың мінез-құлқына теріс әсер ету мүмкіндігін жатқызған екен. Балаларға арналған «өлі боттарды» жасау да күрделі сауалдарға итермелейді. Балаларынан көз жазып қалған ата-аналар қайғысын жеңілдету үшін мұндай қызметтерге жүгіне алады, дегенмен, зерттеушілер бұл қалыпты аза тұту процесіне кедергі келтіріп, өзге балалардың психикалық денсаулығына зиян тигізуі мүмкін екенін ескертеді. Ықтимал жағымсыз салдардың алдын алу үшін сарапшылар «өлі боттарды» құру саласын реттеуді, соның ішінде оларды өшіру процедураларын және интерактивті функцияларға қол жеткізуді қатаң шектеуді ұсынды. Осы орайда таяуда Қытайда әруақтар чат-ботының іске қосылғанын айта кетпекпіз. 

0 пікір
Мұрағат