Қойды клондағаны үшін қарапайым фермер абақтыға жабылды (видео)
Қойды клондағаны үшін қарапайым фермер абақтыға жабылды (видео)
1 ай бұрын 1184 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Артур «Жек» Шубарт есімді Монтана штатының 81 жастағы фермері қойды, дәлірегі, арқарды заңсыз клондау операциясын жүзеге асырғаны үшін алты айға сотталып, федералды түрмеге қамалды. Бұл жайында islam.kz порталы NBC News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дерекке сәйкес Шубарт Орталық Азия мен Америка құрама штаттары аумағында жиналған ірі жабайы қойлардың ұлпасын ерекше аңды аулауға арналған гибридті түр жасау үшін пайдаланған. Нәтижесінде таза тұқымды қошқар пайда болған. Фермер оны «Монтана тауының патшасы» атап кетті. Бұл айрықша іске қазылық еткен сот Брайан Моррис үкім шығара отырып, бұл шешім оған оңай соқпағанын атап өтті, өйткені, ол сотталушының жасын да, оның бұрын заңды бұзып көзге түспегенін де ескерді. Дегенмен, ол оған берілген жаза тірі жандардың генетикалық құрылымын бұзуға шешім қабылдаған басқаларға ескерту болуы керек екенін атап өтті. Түрмедегі мерзімінен басқа фермер 20 000 доллар айыппұл төлеп, АҚШ-тың балық және жабайы табиғат қорына 4 000 доллар төлеуге міндеттелді. Клондау нәтижесінде алынған жануарды АҚШ-тың балық және жабайы табиғат қызметі тәркілеп, аккредиттелген мекемеге уақытша орналастырды, содан кейін оны хайуанаттар бағына өткізеді. Айыпталушы 1987 жылдан бері фермерлікпен айналысатынын мойындады. Тергеу барысында Шубарт пен тағы бес адам АҚШ-қа заңсыз әкелінген, сирек кездесетін Марко Поло қойын клондау үшін сыбайласқаны анықталды. Марко Поло қойы немесе арқар жабайы қойлардың ішіндегі ең ірісі саналады: таза салмағы 136 келіге дейін тартады және мүйізі 1,5 метрге дейін жетеді.

Уикипедия электронды энциклопедиядан: Клондау (грек. clon – ұрпақ, бұтақ) – организмдерді жыныссыз жолмен көбейту арқылы сол организмдерге ұқсас ұрпақтар алу

0 пікір
Мұрағат