Пластик пакет қағаз пакетке қарағанда экологияға зияны аз болып шықты
|
Белгиялық Test Aсhats компаниясының сарапшылары пакет түрлерінің табиғатқа теріс әсерін бағалады. Аталған компания мамандарының қорытындысы бойынша экологияға ең зиянын көп тигізетін пластик пакет емес, қағаз пакет болып шықты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған мониторингтік ұйымның нәтижесіне жөн сілтеген Роскачество (Ресей сапа жүйесі) дерегіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта сарапшылар пакетті жасауға және өңдеуге кеткен ресурс мөлшерін, оны жасау немесе өңдеу кезінде атмосфераға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін, жоюға кететін шығында, тіпті, оны маркілеу үшін үшін қанша типографиялық шығын кететінін де ескеріп, есептеп шығарды. Осылайша мамандар жүздеген пакеттің өнідірістан бастап, қолданыстағы барлық процесін, яғни, «өмірлік кезеңдерін» толық зерделеген екен. Нәтижесінде қоршаған ортаға залалы ең азы бір реттік емес, яғни, көп қолдануға болатын, екінші өңдеуден өткен пакет болып шыққан. Ғалымдардың айтуынша, қағаз және матадан жасалған сөмкелердің көп қолданысқа шыдас бергенде ғана экологияға зияны аздау болатынын алға тартып отыр. Өйткені, оларды өндіру кезінде пластик пакетке қарағанда атмосфераға ластаушы заттар молынан бөлінеді. Бәрі салыстырмалы түрде ғой – «Роскачества» мамандары да бір қағаз пакетке кететін электр энергиясы 3-4 пластик пакет жасауға жететінін алға тартып отыр. Бұдан бөлек, пластик пакет өндірісіне қарағанда қағаз немес мата пакет өндірісіне 17 есе көп мқлшерде су жұмсалады екен.