Парникті газдарды аулайтын реактор әзірленді
|
Стэнфорд университетінің (Америка құрама штаттары) ғалымдары атмосфераға бөлінетін парникті газдарды аулау арқылы өнеркәсіптегі өндіріс процесін көміртектен азат етуге көмектесетін термохимиялық реактордың жаңа түрін жасады. Бұл жайында islam.kz порталы Joule мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Реактордағы жылу генерациясы қазбалы отынды жағу есебінен емес, магниттік индукция есебінен жүреді. Яғни, реакторда жылу көмір немесе мұнайды жағу арқылы емес, магнит өрісі арқылы пайда болмақ. Бұл қажетті инфрақұрылымды айтарлықтай қысқартуға және жылыту процесін тиімдірек етуге мүмкіндік береді. Жылу құбырлар арқылы тасымалданатын әдеттегі жүйелерден айырмашылығы - индукциялық әдіс жылуды тікелей реактор ішінде қалыптастырады. Ғалымдар бұл тарапта индукциялық жылыту технологиясын керамикалық тор тәрізді электрді өткізу қабілеті төмен материалдар мен жоғары жиіліктегі токты пайдалана отырып, химиялық өнеркәсіпке бейімдеді. Бос торлар материалдың электрді өткізу қабілетін одан ары төмендетеді әрі катализатормен толтырылады, ал бұл жайт өз кезегінде жылу беруді одан ары тиімді етеді. Бұл бағыттағы сынақ барысында реактор 85 пайыздан аса тиімділік танытты, осылайша электр энергиясын пайдалы жылуға толықтай дерлік түрлендірудің жолы табылды. Реактор бұл жылуды кері бу риформингін орындау үшін сәтті пайдаланды, алынған көмірқышқыл газын жасыл отын ретінде қызмет ете алатын сутегіге айналдырды.
Уикипедия электронды энциклопедиядан:
Магниттік индукция магниттік индукция векторы — магнит өрісінің негізгі сипаттамасы. Жеке электрондар, т.б. элементар бөлшектер тудыратын микроскопиялық магнит өрістері кернеуліктерінің қосындысының орташа мәнін көрсетеді.
Ұқсас материалдар:
"Парникті газдарды аулайтын кеуекті материал жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/parnikti-gazdardy-aulaityn-keuekti-material-jasaldy-20198/#gsc.tab=0);
"Көмірқышқыл газын мейлінше тез аулайтын жүйе жасалды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/komirqyshqyl-gazyn-meilinshe-tez-aulaityn-juie-jasaldy-16867/#gsc.tab=0);
"Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады" (https://islam.kz/kk/news/gylym/arab-elinin-startapy-komirqyshqyl-gazyn-tasqa-ainaldyrady-20541/#gsc.tab=0);
"Жарық пен мыстың көмегімен көмірқышқыл газын отынға айналдыру жолы табылды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/jaryq-pen-mystyn-komegimen-komirqyshqyl-gazyn-otynga-ainaldyru-joly-tabyldy-20072/#gsc.tab=0)