Сірке суы көптеген ауруларға ем
Сірке суы көптеген ауруларға ем
8 жыл бұрын 6043 inform.kz The Malay Mail

Әлемдегі тағам технологиялары институттарының бірі  сірке суының белгілі бір түрлері көптеген дәрілерді алмастыра алатынын мәлім етті.

Олардың айтуынша, сірке суында қартаю процесін тежейтін антиоксиданттар өте мол, ол сондай-ақ обыр мен ми ауруларының даму барысын баяулатады екен.

Сірке суының қабынуға қарсы және жүрек-қан тамыры жүйесінің күйін жақсартатын әсері бар, әрі қан қысымын төмендетеді. Спортшылар үшін, әсіресе, артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін де тым пайдалы, себебі тамаққа тәбетті төмендетеді.

Зерттеушілерге сенсек, күніне 1-2 қасық сірке суын пайдаланғанда адам азғасында «пайдалы» холестерин мөлшері арта түспек. Олар мұны зерттеу арқылы тексеріп көрді. 120 ерікті жанның бір тобына екі ай бойы сірке суы берілсе, екіншісіне «жалған дәрі» (плацебо) тағайындалған. Нәтижесінде, сірке суын тұтынғандардың ағзасындағы липопротеиндер, яғни «пайдалы холестериндер» мөлшері артқан.

Айта кетейік, бұрынырақ жасалған зерттеулер алма сірке суының «нашар» холестерин мөлшерін азайтып, «пайдалы» холестерин мөлшерін арттыратынын, сондай-ақ, артрит, диабет тәрізді ауруларға ем екенін көрсеткен.

0 пікір
Мұрағат