Әлемдегі саяхат жасауға қауіпті 10 мекен (фото)
Әлемдегі саяхат жасауға қауіпті 10 мекен (фото)
8 жыл бұрын 5661 stan.kz adme.ru

Әлемде көркі көз тартар жерлер аз емес. Алайда, адамның баруына қауіпті жерлер де аз емес.

1.АҚШ, Өлім мекені

Мұнда жер бетіндегі ең жоғары температура +56,7 градусты көрсетеді. Бұл жер адамды жүдетіп жібереді. Тіпті, сусыз бір күн жүрген адамның ыстыққа шыдамай жан тапсыруы ғажап емес.

8639565-1000-1460623190-death-valley

2.Эритрея, Данакиль шөлі

Данакиль шөлінде әр қадам сайын атқылаған жанартаулар бар. Мұнда термометр 50 градусқа дейін көтеріліп, жер қойнауынан улы гейзерлер бөлінеді. Қанша қауіпті болғанымен, бұл жерге саяхатшылардың қызығушылығы зор. Алайда, мұнда тәжірибелі жолсеріксіз баруға тыйым салынады.

Безымянный

3.АҚШ, Вашингтон тауы

Вашингтон тауының шыңында жер бетіндегі ең күшті жел соғып тұрады. Желдік жылдамдығы – 327 км/сағат. Онымен қоса, температура -40 градусты көрсетіп, үнемі қар жауып тұрады. Таудың биіктігі 1917 метрді құрайды. Оның шыңына шыққан адам Эверест тауына шыққандай күш жұмсайды.

8639865-1000-1460623190-shutterstock_30589576

4.Индонезия, Синабунг жанартауы

Синабунг жанартаудың атқылауынан жақын маңдағы ауылдар мен қала тұрғындары зардап шегеді. 2010, 2013, 2015 жылдары лава апатты жағдайда атқылаған. Соңғы рет 2016 жылдың 27 ақпанында жанартау 2500 метр биіктікке газ, лава мен күлін шашыратқан. Содан бері жанартаудың өзі де бүліне бастады.

8639815-1000-1460623190-sinabung1

5.Бразилия, Кеймада-Гранди Жыландар аралы

Бразилиядағы Жыландар аралы жер бетіндегі ең қауіпті мекен деп танылған. Мұнда әлемдегі ең улы ботропс жыланы мекендейді. Аралдың әрбір шаршы метрінде 5 жыланнан кездеседі. Баяғыда мұнда қызмет көрсететін адамдар тіршілік еткен. Алайда, олардың барлығын жыландар шағып өлтірген. Содан бері қызмет автоматты түрге ауыстырылған. Ал, Бразилия билгі туристердің мұнда келуіне тыйым салды.

8639715-1000-1460623190-Queimada-Grande02

6.Боливия, Мадиди ұлттық бағы

Сырттай қарағанда көркі көркем туындыларға ұқсағанымен, мұндағы өсімдік, жәндік атаулының барлығы қышыма ауруын туғызады. Тіпті, кішкентай құрттардың өзі үлкен жарақат туғызуы мүмкін.

8639915-1000-1460623190-shutterstock_295237703

7.Ресей, Камчатка, Өлім мекені

Ресейдегі Өлім мекені атақты гейзер Мекенінің жанында орналасқан. Бұл жердің ауа құрамында улы газ кездесетіндіктен, ешқандай өсімдік, жануарлар мекен ете алмайды. Тіпті, адамның өзі мұнда өзін нашар сезініп, басы айналып, ыстығы көтеріледі.

8639515-1000-1460623190-dolina-smerti-kamchatka

8.Атолл Бикини, Маршалл аралы

Бикини АҚШ ядролық атом сынағын жүргізбей тұрып, демалуға қолайлы жер болған. Сынақтан кейін арал қалпына келмеді. Бұл аумақта радиацияның аномальді жоғары деңгейі анықталған. Мұнда ұзақ жүруге болмайды. Өйткені, адам радиация салдарынан онкологиялық ауруға ұшырауы мүмкін.

8639965-1000-1460623190-bikini

9.Эфиопия, Афар

Эрта Але жанартауы Афар аумағында орналасқан жер бетіндегі ең құбылмалы жер. Мұнда жер үнемі қозғалыста тұрады. Аяқ астында жатқан топырақтың бір сәтте ізім-ғайым жоғалып кетуі ықтимал. Оған екі жанартау көлі себеп. Лава деңгейі бірде көтеріліп, бірде төмен түсіп тұрғандықтан мұнда тұрақсыздық орын алады.

8640015-1000-1460623190-ertaale

10.Танзания, Натрон көлі

Бұл Танзаниядағы Натрон көлінің көрінісі. Көлдің тұздылығының деңгейі жоғары болғаны соншалық – көлдің суы тиген тіршілік иесі өліп кетеді. Сондықтан мұнда суға түсуге тыйым салынған. Тіпті, иісінің өзі мұрын жарып жіберетіндіктен көл жанында ұзақ жүруге болмайды.

8639665-1000-1460623190-natron

 

0 пікір
Мұрағат