Өмірден ерте озудың тағы бір себебі анықталды
|
Ғалымдар өмірден ерте озу қатерін арттыратын тағы бір факторды анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) мерзімді басылымына жөн сілтеген ScienceAlert дерек көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халықаралық ғалымдар таяуда жүргізген бұл тараптағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, осы күнгі адамдардың жарық туралы ұғымы айтарлықтай өзгерген. Табиғи жарық пен жасанды жарық арасындағы айырмашылыққа мән бере бермейтін болып шықты. Бұл елеусіз көрінетін фактордың өзі адамның денсаулығына қауіп төндіретінін алға тартып отыр. Дәлірегі, табиғи жарық пен экран жарығының арасындағы арақатынасының бұзылуы ерте өмірден кету қатерін арттырады. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Флиндерс университетінің ұйқыны зерттейтін маманы Шон Кейннің айтуынша, қараңғы түн мен жарық түннің әсері адамның циркадты ырғанын (биологиялық сағатын) бұзады. Бұл жайт өз кезегінде семіздік, сусамыр, жүрек-қан тамыр аурулары, психикалық ауытқу, т.б. ауруларға бастайды. Сегіз жыл бойы тәжірибеге қатысқан 88 905 адамның деректерін талдау нәтижесінде жасанды жарықтың түндегі әсері өлім қаупін 21-34%-ға арттыратыны анықталды, ал күндізгі жарық бұл қауіп-қатерді 17-34%-ға төмендеткен. Бұл бағыттағы зерттеу тек бақылауға негізделсе де әрі себеп-салдар байланысын нақты таба алмаса да, жарық заңдылықтарының бұзылуы денсаулықтың нашарлауына және ерте өлім-жітімге ықпал етеді деген гипотезаны растаған. Осы орайда 2017 жылы медицина саласы бойынша әлемге әйгілі әрі аса беделді Нобел сыйлығы «биологиялық сағат» ұғымын алып келген үш ғалымға берілгенін айта кетпекпіз.
Ұқсас материалдар:
Түндегі жасанды жарық Альцгеймер ауруына шалдықтыратын қауіпті арттырады
Түнгі жарық пен ластанған ауа инсульт алу қатерін арттырады
Түнгі жарық күйзелістің пайда болу қатерін 30%-ға арттырады
Түнгі жарық пен көру қабілетінің төмендеуі арасында байланыс бары анықталды
Жасанды жарық тіршілікке қауіпті болып шықты