Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты
Мұсылманша жерлеу кремацияға және табытқа қарағанда экологиялық жағынан ең зиянсызы болып шықты
4 жыл бұрын 3681 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем бойынша жылдан жылға экологиялық ахуал нашарлап барады. Барлық саланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету күн тәртібінен түспейтін күрделі мәселеге айналғалы қашан. Бұл қайтыс болған адамды ақтық сапарға аттындыратын жерлеу рәсімін де айналып өтпеді. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді.Табиғат жанашырлары мен қоршаған ортаны қорғаушы белсенділердің пәрменімен, әсіресе, Еуропада соңғы уақытта «жасыл жерлеу» деп аталатын, мұсылманша жер қойнына тапсыру жөн-жоралғысы үрдіске айналып келеді. Таяуда елімізде дау-дамайға айналған кермацияға қарағанда мұсылманша жерлеудің маңыздылығы мынада: адам өлген соң да қоршаған ортаға залалын тигізеді – әдетте батыс елдерінде қаза болған адамды балзамдап, табытқа салады. Балзам құрамында формалдегид және метанол  секілді химиялық заттар кездеседі. Көп мөлшердегі бұл заттар аса улы болып келетіндіктен қоршаған ортаға теріс әсерін тигізбей тұрмайды. Бұған қоса, өздеріңіз білетіндей, батыс елдерінде өлген адамның мәйітін табытқа салып жерлейді – мәселен, 40 шаршы шақырым мазар үшін, дәлірегі, осынша аумаққа жерленетін адамдар үшін кететін ағашқа 40 үй тұрғызуға болады. Бұлайша жерлеуге қарағанда кремацияның артықшылықтарын алға тартатындар әдетте жер тапшылығын ауызға алады әрі кремацияны батыс елдеріндегідей дәстүрлі жерлеуден әлдеқайда экологиялық жағынан зиянсыз, деп есептейді. Енді есептеп көрейік: бір адамның мәйітін өртеу үшін сағатына 285 кВт газ бен 15 кВт электр энергиясы жұмсалады екен. Бір адамның мәйітін өртеу кезінде шамамен алғанда автокөлік 800 шақырым жол жүргенде атмосфераға бөлінетін мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұдан бөлек, айтылғандардан өзге де зиянды химиялық заттар бөлінеді: тіс пломбасынан сынап бөлінеді. Улы сынап жерге тап болуы әбден мүмкін, ондай жағдайда ол аса улы метилсынапқа айналады да азық-түлікті ластайды. Метилсынап, әсіресе, аяғы ауыр әйелдерге, дәлірегі, құрсағындағы шараналарға аса қауіпті – олардың енді дамып келе жатқан жүйке жүйесін зақымдайды. Нәтижесінде дүниеге кемтар бала келеді. Осыларда ескере келе мұсылманша жерлеу жоралғысының әлдеқайда табиғи екенін айта кеткіміз келеді: марқұмның мәйітін бальзамдап, табытқа салып жатпайсыз.

0 пікір
Мұрағат