Күніне 5000 литр кермек суды тұшшыландыратын қондырғы жасалды
Күніне 5000 литр кермек суды тұшшыландыратын қондырғы жасалды
2 ай бұрын 616 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Массачусет технологиялық институтының (ИСМ) инженерлері тәулігіне 5000 литрге дейін су өндіруге қабілетті, күн қуатымен жұмыс істейтін, теңіз суын тұшшыландыратын инновациялық жүйе жасап шығарды. Бұл қондырғы өз кезегінде тұшшы су тапшы және электр энергиясына қол жеткізу мүмкіндігі шектелген шалғайдағы елді мекендер үшін нағыз көмекші құрал болайын деп тұр. Бұл жайында islam.kz порталы hightech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Амос Винтер есімді профессор бастаған ғалымдар тобы аккумулятор батареяларын қажет етпейтін жүйені ойлап тапты. Аталмыш жүйенің аккумулятор батареясын қажет етпейтін ерекшелігі оны қолданыстағы технологиялардан артық етеді. Кермек суды тұшшыландырудың әдеттегіі әдістері қуатты ұдайы қажет етеді, ал жаңа жүйе күн сәулесінен алынған энергияны тікелей пайдаланады. Күн сәулесінің көтерілуіне қарай жүйе өзінің қуатын арттырады, ал жарық азайған кезде ол тұшшыландыру жылдамдығын өзі реттейді. Күн батареялары өндіретін энергияның 94%-дан астамын пайдаланатын оны бұл артықшылығы ең тиімді жүйелердің біріне айналдырады. Жүйе электродиализ - судан тұз иондарын алып тастау үшін электр өрісін қолданатын әдіс негізінде жұмыс істейді. Оның конструкциясында сорғылар, ион алмасатын мембраналар мен күн батареялары қолданылады, олар бірігіп қуатты және экологиялық жағынан таза тұшшыландыру процесін қалыптастырады. Жүйенің негізгі ерекшеліктерінің бірі - су тазарту процесіне секундына бірнеше рет динамикалық бейімделуге мүмкіндік беретін инновациялық «flow-commanded current control» («ағынды-командалық токты басқару») технологиясында жатыр, бұл технология өз кезегінде күн сәулесінің өзгеріп отыратын құбылмалы сипатына қарай үздіксіз жұмыс істеуді қамтамасыз етеді.

0 пікір
Мұрағат