Күллі әлем бойынша туу көрсеткішінің төмендеуінің тағы бір себебі белгілі болды
Күллі әлем бойынша туу көрсеткішінің төмендеуінің тағы бір себебі белгілі болды
1 сағат бұрын 43 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бүгінгі таңда күллі әлем бойынша туу көрсеткіші төмендеп келеді. Жылдан жылға. Демографтар бұл құбылысты бірнеше фактордан көріп отыр: урбанизация, экология, әлеуметтік-экономикалық факторлар, қартаю процесінің қарқын алуы, отбасы құндылығының құлдырауы, т.б. Сарапшылар бұл факторлардың қатарына тағы біреуін қосты – смартфон. Иә, иә, қағыс естіген жоқсыз... Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәселен, Цинциннати университетінің Натан Хадсон және Ернан Москосо-Боедо есімді туу көрсеткішінің төмендеуін 4G желілерінің өрістеуімен байланыстырып отыр. Мысалы, Америка құрама штаттары мен Ұлыбританияда жылдамдығы жоғары байланыс желісі бұрынырақ пайда болған аудандарда дүниеге келген балалар саны ең тез азайған. Олардың болжамынша, цифрлық технологиялардың дамуы өз кезегінде адамдардың оңаша өткізетін қарым-қатынас уақытын күрт қысқартқан. АҚШ-та, Ұлыбританияда және Австралияда жастар арасында туу көрсеткіші 2007 жылдан бастап, Франция мен Полшада 2009 жылдан бастап, Мексикада, Марокко мен Индонезияда 2012 жылдан бастап күрт төмендеді. Гана, Нигерия және Сенегалда 2013 - 2015 жылдары күрт төмендеу байқалған. Смартфондардың 2000 жылдардың соңына таман жаппай тарала басталды: 2007 жылы алғашқы iPhone шықты, ал 2008 жылы Android платформасы пайда болды. Әлемдегі алғашқы 4G коммерциялық желісі (LTE стандарты) 2009 жылғы желтоқсанда Швеция мен Норвегия аумағындада іске қосылды. Бала туудың күрт төмендеуі де жергілікті нарықтарда смартфондардың жаппай таралуымен тұспа-тұс келді. 

0 пікір
Мұрағат