Көрінбейтін камера жасалды
|
Барселона ғылым және технология институтының инженерлер тобы көзді бақылау үшін пайдалануға болатын мөлдір дерлік камера жасап шығарды. Ерекше құрылғы адамның көру мүмкіндігін шектемейді, яғни, төңіректі көруге кедергі келтімейді. Бұл жайында islam.kz порталы TechXplore ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көзді қадағалау технологиясы, мәселен, виртуалды шындық гарнитураларында, көліктердегі жүргізушіге көмекші құрылғыларда, тіпті. жарнамада қолданылады. Десе де аталмыш технология бір орнынан жылжымай, әлі де тоқырауда тұр – адамның тура көз алдында орналасқан құрылғы пайдаланушының көру мүмкіндігін шектеп келеді. Осы олқылықты ескерген испан ғалымдары көрінбейін нұсқасын жасап шығарды. Көзді бақылау технологиясы не үшін керек? Көзді бақылау технологиясы мақсатты аудитория өкілдерінің «көңілдегісін» оқуға көмектеседі. Ол қандай мәліметтер пайдаланушының назарын аударып, қайсысы байқалмайтынын көрсетеді. Ғалымдар графен парақтарына қорғасын сульфидінің кішкене нүктелерін қосу арқылы фотодетектор жасады. Фотонға соғылған кезде нүктелер көміртегі атомдарының қабаты арқылы өтетін электрондарды шығарады, яғни, ток қалыптастырады. Фотодетекторды жасау үшін қолданылатын материалдардың кішкентайлығы сонша, олар жай көзге көрінбейді. Сынақтар кезінде байқалғандай, ол жарықтың 95% -ын өткізе алатын болып шықты. Келесі сынақ сұр түсті кескіндерді фотодетекторға проекциялауды және шығысты стандартты кескін сенсорымен салыстыруды қамтыды. Ғалымдар, сондай-ақ, жаңарту жиілігі 400 Гц-ке жеткенін атап өтті, бұл деңгей кескіндерді алу деңгейінен екі есе көп. Іс жүзінде камераны кәдімгі көзілдіріктерге немесе контактілі линзаларға салуға болады. Фотодетектордың объективі жоқ, яғни, ол тек проекцияланған кескіндермен жұмыс істейді. Кескінді өңдеуге және қуат көзіне қатысты мәселелер шешімін табуы тиіс алдағы уақытта.