Кореяда ұшатын жүк арбасы пайда болды (видео)
Кореяда ұшатын жүк арбасы пайда болды (видео)
12 күн бұрын 1248 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің ғалымдары Palletrone деп аталатын, ұшатын арба түріндегі жүктерді тасымалдауға арналған құрылғы ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Негізінде бұл  арада көп моторлы дрон турасында сөз болып отыр. Супермаркеттерде қолданылатын арбаға ұқсайтын платформа адамның кеуде тұсына дейін жүкті көтеріп тасымалдай алады. Пайдаланушы тұтқаны қолдану арқылы ұшу жолын басқара алады. Арнайы бағдарлама мен автоматты режим бүкіл сапар бойы жүкті тасымалдауды қамтамасыз етеді. Жақтауы пайдаланушыны дронның роторларынан қорғайды, сонымен бірге, платформаның ұшуы үшін оңтайлы ауа ағынын қамтамасыз етеді. Palletrone-ның жүк көтеру көрсеткіші қазіргі уақытта небәрі 2,93 келіні құрайды, ал ұшу уақыты борттық батареялардың қуатымен шектелген. Әлбетте, ғалымдар алдағы уақытта құрылғының жүк көтеру қабілетін арттыруды көздеп отыр. Бұдан бөлек, арба тек жүк тасымалдаумен щектелмейді. Қажет кезде бейне түсірілім үшін штатив ретінде де қызмет ете алады. Қазіргі уақытта инженерлер оны ұшып бара жатып қуатталатындай етіп құрылымын жетілдіруде.

0 пікір
Мұрағат