Климат дағдарысымен күресуге арналған ерекше ұнтақ атмосферадан көмірқышқыл газын аулайды
Климат дағдарысымен күресуге арналған ерекше ұнтақ атмосферадан көмірқышқыл газын аулайды
2 ай бұрын 713 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Берклидегі Калифорния университетінің химиктері ауаны көмірқышқыл газынан тиімді тазарта алатын материал жасады. Небәрі 200 г COF -999 ковалентті органикалық кеуекті ұнтақ шамамен 20 келі парникті газды сіңіреді. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. COF -999 — ішкі қабырғалары аминдер деп аталатын арнайы химиялық қосылыстармен қапталған кеуекті құрылым. Бұл қосылыстар айналадағы ауадан көмірқышқыл газының молекулаларын аулайды. Бөлме температурасы мен қалыпты ылғалдылық кезінде материал көмірқышқыл газымен екі сағатта қанғады, ал тазалау үшін ұнтақты 60 °C-қа дейін қыздыру жеткілікті. Химиктер бұрыннан ауадағы ылғалдың ықпалымен және басқа да заттардың әсерінен жойылмайтын CO₂ аулайтын, тозбайтын материал жасаудың жолын іздестіріп келеді. Ғалымдар бұл тарапта ерітінді материалдың құрылымын ұстап тұратын көміртек пен азот атомдары арасындағы аса күшті химиялық байланыстарды қолданған екен. Бұл жаңалық жаһандық жылынумен күресуге көмектеседі. Көміртекті аулаудың қазіргі технологиялары ластаушы заттардың тек шоғырланған көздерімен, мысалы, электр стансаларынан будақтап бөлінетін флю газдарымен тиімді жұмыс істейді. Жаңа материалдың артықшылығы немесе тиімділігі сонда -  CO₂ концентрациясы жүздеген есе төмен ауаны тазартуға қабілетті келеді. Берклидегі Калифорния университетінің химия профессоры Омар Йаганың айтуынша, атмосферадан CO₂ аулау – машақаты мен қиындығы көп өте күрделі міндет. Қолданыстағы мұндай технологиялар энергияны көп қажет етеді, бұдан бөлек, көмірқышқыл газының сыйымдылығы жоғары материал қажет, ол жоғары селективті, су өткізбейтін, тотығуға төзімді және қайта өңделетін материал болуы тиіс. Ғалымдар бұл бағыттағы тәжірибе барысында COF -999  жүйесінің кем дегенде 100 цикл (яғни, 100 мәрте) көмірқышқыл газын аулауға және өткізу қабілетін жоғалтпай бөліп шығара алатынын көрсетті. Ғалымдар мұндай технологиялар жаһандық жылынуды 1,5 °C-қа дейін шектеу және көмірқышқыл газының концентрациясын қауіпсіз деңгейге дейін төмендету мақсаттарына жету үшін қажет деп есептейді.

0 пікір
Мұрағат