Жер өз орбитасынан шығып кетсе немесе Жердің айналуы тоқтап қалса...
Жер өз орбитасынан шығып кетсе немесе Жердің айналуы тоқтап қалса...
2 жыл бұрын 2475 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті
Жер өз орбитасынан шығып, Күн галактикасынан кете ала ма – зерттеу

Маттео Чериотти есімді аэроғарыш инженері Жер планетасының Күн жүйесінен шығу мүмкіндігін теориялық тұрғыдан жоққа шығарайды. Бұл жайында islam.kz порталы Space ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Шамамен 5 млрд жылдан соң Күн үлкейіп, қызыл жалынға оранған алып жұлдызға айналады – жер де өге планеталар секілді күнге жұтылады. Алайда, Жер күн жүйесінен кетсе, бұл апаттан аман қалмақ. Дегенмен, мұндай сценаридің орын алуы неғайбыл болса да жердің күн жүйесін шыға алатын мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Теория бойынша мұндай ғарыш құбылысы Жерге өте жақын ұшатын немесе соқтығысатын, осылайша оның орбитасын бұзып, оны күн жүйесінен ығыстыратын үлкен жұлдызаралық аспан денесінің әсерінен орын алуы ықтимал. Физика және астрономия профессоры Тимоти Дэвис де мұндай құбылыстың орын алуы мүмкін деп санайды, алайда, басқа жағдайда, мысалы, Күн басқа жұлдызмен соқтығысса. Осы өзара әрекеттесу нәтижесінде планеталардың орбиталары шайқалуы мүмкін. Бірақ, мұндай сценаридің де орын алуы екіталай. Алайда, Жер Күн жүйесінен шығып кетер болса, жұлдызаралық кеңістікте оны қара құры немесе басқа жұлдыз жұтып қоюы мүмкін. Ғалымдар біздің планетамыз орбитасынан шықса, тіршілік тоқтайтынын алға тартып отыр, өйткені температура төмендей бастайды, ал жылу болмаса, барлық тіршілік иесі жойылады. Төтенше жағдайларда өмір сүре алатын бірнеше тірі организмдер аман қалуы мүмкін.

Жердің айналуы 5 секундқа тоқтап қалса, планета қандай күйге ұшырайды?

Жер әлімсақтан өз осінде айналып келеді. Егер берер мезетке, дәлірегі, бес секундқа айналуын тоқтатса, не болады? Бұл жайында islam.kz порталы What If ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Зерттеушілердің айтуынша, егер планета кенеттен, тіпті аз уақытқа болса да тоқтап қалса, оның салдары ауыр болады. Ең алдымен, аса күшті дауыл тұрады. Алайда, оның күші орналасқан жеріне байланысты өзгереді. Экватор Жер ең жылдам айналатын белдеуі, бұл аймақта желдің жылдамдығы сағатына 1670 шақырымға жетеді және мұндай екпінмен соққан дүлей дауыл барлық тіршілікті жояды. Ал Жаңа Зеландияда немесе Францияда желдің соғу екпіні сәл әлсіз болады, оның жылдамдығы шамамен  сағатына  1180 шақырымға жетпек, жетеді, осының өзі кез келген дауылдан бірнеше есе күшті. Ғалымдар мұндай қуатты дауыл барлығын жоятынын алға тартады. Десе де адамзат алдында тұрған жалғыз қауіп емес. Егер планета тоқтаса, ол орасан зор цунамиді тудырады. Планета 5 секунд тоқтағаннан кейін Жер бұрынғы қозғалысына қайта оралады және күллі әлемді су шайып кетеді, дәлрегі, барлық құрлық су астында қалып, топан су қаптайды. Жалғыз қауіпсіз жер, сарапшылардың пікірінше, солтүстік немесе оңтүстік полюс болуы мүмкін, өйткені, желдің екпіні әлсіз болғанымен, бұл аймақтар да апаттан аман қалмайды.

Қара құрдымға тап болған адамды қандай азап күтіп тұрғаны айтылды

Қара құрдым - тығыздығы жоғары және ауырлық күші өте күшті аспан нысанасы. Тіпті, жарықтың өзі қара құрдымға тап болса, одан құтыла алмайды. Бұл жайында islam.kz порталы «Планета жаңалықтары» («Новости планеты») ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бертінге дейін қара құрдым туралы ештеңе білмейтін еді, соңғы жылдары ғарыштағы айрықша құбылысқа ден қойып, оның қандай физика заңына бағынатынын, қандай нысан екенін жете зерттей бастады. Ғалымдарды, соның ішінде, қара құрдымға жұтылған адамның қандай күй кешетіні қызықтырған болатын. Атап айтқанда, астрофизик Бекки Сметерст қара құрдымға қатысты халық арасына кеңінен тараған жаңсақ ұғымдарға тойтарыс берді: шын мәнінде бұл аспан нысанасы қара құрдымға келмейді, заттың өте тығыз жинақталуына көбірек ұқсайды. Сонымен бірге, қара құрдым белгілі бір кеңістікке немесе өзге әлемге апаратын «қақпа» қызметін атқармайды. «Қара құрдымды қара болады деп ойлау - қате, өйткені, олар бүкіл ғаламдағы ең жарқын нысандар болып саналады. Бұл жағдайда радиация қара құрдымның айналасындағы аймақтан келеді. Айналадағы зат әртүрлі диапазонда жарқырап, радио сәулелерін шығаруы мүмкін», - деді ол. Оның айтуынша, қара құрдымдардың өзіндік «көкжиегі» бар. Бұл көкжиек (шекара) материя қайтып орала алмайтын белгілі бір нүктені білдіреді, ал оның «көкжиегінен» тыс ерекшелік - қара құрдымның керемет үлкен массасы болатын жалғыз нүкте. Бір қызығы, егер адам қара құрдымнан қауіпсіз қашықтықта болса, онда ол мүлде басқа суретті көреді. Қара құрдым көкжиегіне жақындаған сайын үлкен болып көрінеді. Ол жарықты шын мәнінен әлдеқайда үлкен етіп көрсетуге қабілетті. Ал адам қара құрдымға енсе, қандай күйде болады? Ғалымдардың топшылауынша, адам денесі созылады, бұл аса ауыр азап болмақ. Спагеттификация процесі қара құрдымға тап болған адамға көкжиегін кесіп өткеннен кейін бірден басталмауы мүмкін. Бұған қара құрдымның өлшемі әсер етеді, өйткеніғ көкжиек пен өлшемдердегі ерекшелік арасында өте үлкен қашықтық болуы мүмкін.

kk.upwiki.one дерек көзінен:

спагетификация (кейде деп аталады кеспе әсері)[1] - бұл объектілерді ұзын жіңішке пішіндерге тік созу және көлденеңінен қысу (дәл осылай) спагетти) өте күшті біртекті емес гравитациялық өріс; бұл экстремалды тыныс күштері. Ең төтенше жағдайларда, жақын қара саңылаулар, созылу соншалықты күшті, оның құрамдас бөліктері қанша күшті болса да, оған ешқандай объект төтеп бере алмайды. Кішкентай аймақта горизонтальды қысу тігінен созылуды теңестіреді, сонда спагетификацияланатын кішігірім заттар көлемде таза өзгеріс болмайды.

Ұқсас материал:

«Қара құрдым шығаратын дыбыс таспаға тартылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qara-qurdym-shygaratyn-dybys-taspaga-tartyldy-video-17296/#gsc.tab=0);

«Қара құрдым жанай өткен жұлдыздың парша-паршасын шығарды» (https://islam.kz/kk/news/alem/qara-qurdym-janai-otken-juldyzdyn-parsha-parshasyn-shygardy-fotovideo-12901/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат