Таяу жылдары кеңінен әрі жиі тұтынылатын балықтардың бірқатары жойылады
Таяу жылдары кеңінен әрі жиі тұтынылатын балықтардың бірқатары жойылады
3 жыл бұрын 2000 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Адамзат жиі тұтынатын балықтардың бірқатары жаһандық жылынуға байланысты мүлдем жойылады. Аман қалмайтын мұндай балықтардың қатарында майшабақ, сардина, анчоус бар. Өйткені, әлемдік мұхит пен теңіздердегі су жылдам жылынып келеді, осыған байланысты аталған балықтар мұндай климат өзгерісіне бейімделіп үлгермейді. Бұл жайында reading.ac.uk ақпарат көзі мен бұл тараптағы зерттеу материалы жарияланған Nature Climate Changе мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша жаһандық жылыну онсыз да күйі қашқан әлемдік азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіріп, азық-түлік тапшылығын арттырмақ. Аталған балықтар он жылдың ішінде жойылып бітпек. Ғалымдардың тұжырымы осындай. Судың жылынуы балықтардың бірқатарының жойылуына себеп болып қоймай, сонымен қатар, көптеген балықтардың ұсақталуына да апарып соқтырады. Бұдан бөлек, аталмыш зерттеуге атсалысқан Рединг университетінің эволюционист биологы, профессор Крис Вендиттидің айтуынша, әлемдік мұхиттағы балықтар суы жылыған аймақтан, яғни, үйреншікті тіршілік ету ортасынан суы салқын аймақтарға ығысып, жылыстауынан да балық шаруашылығы мен өнеркәсібі көп зардап шегетін болады. Бұл бағыттағы зерттеуде чилилік және британдық ғалымдар соңғы 150 млн жылдағы эволюциясын зерделеу үшін әлемге кеңінен танымал әрі тараған балық түрлеріне қатысты деректердің статистикалық анализін пайдаланған екен. Ғалымдар негізінен әлемнің барлық түкпірінде кездесетін  Clupeiforms балықтар тұқымына назар аударған болатын. оғарыда аталған балық түрлері осы топқа жатады. Осы уақытқа дейін балықтар әлемдік мұхитта мыңдаған жылдар бойы мейлінше жылу көрсеткіші шамамен 0,8 °C-тан аспаған ортада тіршілік етіп келген еді. 1981 жылдан бері бұл көрсеткіш — 0,18 °C.

Ұқсас материалдар:

«Адамзат болашақта балықты түсінде көреді – жаһандық жылынудан балықтар шағылысудан, ұрпақ өрбітуден қалады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzat-bolashaqta-balyqty-tusinde-koredi-jahandyq-jylynudan-balyqtar-shagylysudan-urpaq-orbituden-qalady-14334/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат