Шегірткеден келген шығынның орнын шеріткеден тапқан пайдамен толтыру тәсіліне көшкен ел
Шегірткеден келген шығынның орнын шеріткеден тапқан пайдамен толтыру тәсіліне көшкен ел
4 жыл бұрын 2717 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Шегіртке азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіретін фактор ретінде алға шыққандықтан онымен күресудің стратегиялық маңызы зор. Жолындағысын тып-типыл жайпап кететін шегіртке үйірі бір күнде 150 шақырымға дейінгі қашықтықты еңсере алады, бір шаршы шақырымда 40-тан 80 млн-ға дейін шегіртке болады. Шегірткелер жорығының салдары мен зардабы  табиғи дүлей апаттардан асып түспесе, кем түспейді.

Естеріңізде болса, осыдан аттай сегіз ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында «Мұсылман елі шегірткемен күресудің тың тәсілін тапты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/musylman-eli-shegirtkemen-kuresudin-tyn-tasilin-tapty-13735/#gsc.tab=0) материалымызда соңғы жылдары жаһандық жылынуға байланысты шешірткелер жорығының көбейгені әрі шерітке жорығынан көп зардап шегіп отырған елдердің бірінен саналатын Пәкістанда онымен күресудің түрлі тәсілдері қолданыла бастағанын айтып өткенбіз.  Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Пәкістанның премьер-министрі осыдан сегіз ай бұрын Имран Хан Пенджаб провинциясында қолға алынған жобаны кеңейтуге қатысты жоспарды мақұлдады. Яғни, аталмыш провинция тұрғындары шегірткелерді өлтіріп, кептіріп, ұсақтап, үй құстарына жем ретінде тиісті орындарға өткізіп ақша тауып жүр. Осы орайда пәкістандық шаруалар мен дихандардың шегірткелермен айқасып келе жатқанына бақандай ширек ғасыр толғанын айта кетпекпіз. Пәкістанның азық-түлік министрлігінің биотехнологы Жоһар Әлі азаматтық соғыстан титықтаған Йемен тәжірибесіне сүйене отырып, арнайы бағдарлама дайындаған болатын. Яғни, аштық жайлаған кезде ақуызға бай шегірткені ел тұрғындарына азық ретінде тұтынуға Йемен билігі рұқсат етіп отыр. Пәкістандықтар оларды қалай аулайды? Шегірткелер дамылдау үшін ағаштар мен өсімдіктерге қонады. Түнде ауа температурасы төмендейтіндіктен, яғни, салқындағанда аптап ыстықта белсенді әрекет ете алатын шегірткелер қимыл-қыбырсыз қалады. Бұл жергілікті шаруалардың шегіртке аулау жұмысын жеңілдетеді. Бір келі шегірткеге 20 рупи (пәкістанның ұлттық валютасы) беріледі. Аталған провинцияда 20 тонна шегіртке өткізілген. Қаптың түбі көрініп, қаржы таусылуға айналғанда аталмыш бағдарламаны тоқтатуға мәжбүр болды. Ендігі жерде бұл бағдарламаны елдің өзге түкпірлерінде қолданып көрмек. Ауланған шегірткелер Hi-Tech Feeds деп аталатын Пәкістандағы жануарларға арналған жем өндіретін компанияға өткізіледі. Бұл компанияда бүгінгі таңда тауықтарға берілетін соя жемінің 10 пайызын шегірткелер алмастырған. Әлбетте, бұл шара шегірткемен күресте проблеманы толық еңсеруге мүмкіндік бермесе де шегірткеден зардап шеккендерге көмегін тигізуде.  Мәселен, Кенияда тәулігіне шегірткелер келтірген залал 36 мың адамның бір күндік ас-ауқатына тең. Африка құрлығында орын тепкен осынау ел де шегірткеден көресіні көріп отыр. Адамнан айла артылған ба, «The Bug Picture» деп аталатын стартап қолға алынды – 1 келі зиянкес жәндік үшін 50 шиллинг (кениялықтардың ұлттық валютасы) төленеді. Ақпан айының 1-18 күндері аралығында аталған ел аумағында 1,3 тонна шегірке жиналған екен. «The Bug Picture» жиналған жәндіктерді кептіріп, ұсақтап, жануарлар мен құстар үшін ақуызға бай жем әзірлейді. Сайтымыздың жаңалықтар таспасында кезінде жазғанымыздай (қараңыз: Шегірткелермен күресудің енді қажеті болмайды: оларды жеңудің жолы табылды (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/shegirtkelermen-kuresudin-endi-qajeti-bolmaidy-olardy-jenudin-joly-tabyldy-13986/#gsc.tab=0) материалымызда шегірткемен күресудің басқа да жолдары қарастырылғанын жазғанбыз – дәлірегі, ғалымдар шегірткенің осал тұсын тапты, дәлірегі, шегірткелердің ордалы да қауіпті күшке айналуына мүмкіндік беретін – аталмыш жәндіктің бойынан бөлінетін ерекше қосындыны тапты. Бұл жаңалық жаһандық жылынуға байланысты соңғы жылдары ауыл шаруашылық плантациялары мен егістік алқаптарын жайпап кететін зиянкес жәндіктерден біржола құтылуға мүмкіндік бермек. Шерітке үйірден тыс, саяқ жүрсе, қауіпті емес. Олардың бойынан бөлінетін, бірігіп, қауіпті күшке айналуына мүмкіндік беретін фероменді ауыздықтау арқылы бұл мәселеге нүкте қоятын күнге алыс қалған жоқ. Бір үйірде жүздеген млн шегіртке болуы мүмкін. Бейнелеп айтқанда, Рим мегаполисінің көлеміндей аумаққа дейін жететін шегірткелердің араны сұмдық енді – бір күнде күллі Кения халқының тұтынатын азығын тауысып қояды. Кенияның Найроби қаласында орын тепкен халықаралық жәндіктер физиологиясы және экологиясы өніндегі орталықтың эколог химигі Балдбин Торто бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарының маңыздылығы мен көкейтестілігіне тоқтала келіп, әлі күнге дейін шегірткелермен күресудің тиімді жолы табылмағанын тағы бір мәрте еске салып өткен еді. Ғалымдар таяуда бір орнында тұрмай ұдайы көшіп-қонып жүретін Locusta migratoria шеріткесінің үйірге айналуына агрегация феромонының әсері барын білді. Жәндіктердің бойынан бөлінетін химиялық қосынды ауа арқылы тарайды. Ол келесі шегрткені маяк пен магнит секілді алыстан тартып тұрады. Бейжіңдегі Қытай ғылым академиясының энтомологы Ле Канг пен оның әріптестері тек шегірткелер бөлетін аталмыш қосындыны табу үшін ізденеді. Олар алты қосындыны тапқан болатын. Ғалымдар артынан көз жеткізгендей, бұл қосындылардың бірі  -  4-виниланизол немесе 4VA осынау зиянкес жәндіктің кез келген түрін және кез келген жастағы шегірткелерді жынысына қарамай бір жерге топтастыратын, яғни, үйірге айналдыратын болып шықты. Ғалымдар жекелеген шегірткелер емес, олардың қарасы 4-ке жеткенде, яғни, 4 шегіртке бас қосқан кезде аталмыш химиялық қосындыны бөле бастайтынын аңғарған. Олардың қарасы көбейген сайын соғұрлым көп бөлінетінін де байқаған еді. Қытай ғалымдары шегіртке мұртының маңындағы сенсорлық түктердің көмегімен 4VA-ны қабылдауға әсер ететін ақуызды идентификациялады. Ғалымдар бұл ақуыздың генін редакциялап, шегірткелердің үйірге айналуына жол бермейтіндей етіп тастады.

c69aa54c.jpg

Ұқсас материал:

Шегірткелермен күресудің енді қажеті болмайды: оларды жеңудің жолы табылды (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/shegirtkelermen-kuresudin-endi-qajeti-bolmaidy-olardy-jenudin-joly-tabyldy-13986/#gsc.tab=0);

«Мұсылман елі шегірткемен күресудің тың тәсілін тапты» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/alem/musylman-eli-shegirtkemen-kuresudin-tyn-tasilin-tapty-13735/#gsc.tab=0);

«Шегірткеге қарсы үйректі салады» (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/shegirtkege-qarsy-uirekti-salady-13268/#gsc.tab=0

0 пікір
Мұрағат