Құмырсқа тісінің құдырет құпиясы ашылды
Құмырсқа тісінің құдырет құпиясы ашылды
3 жыл бұрын 3843 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Атомдық деңгейде түсірілген суреттен белгілі болғандай, құсырсқа мен кейбір жәндіктердің тісі өткір әрі аса мықты келеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Science Daily мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген ғалымдар ионды микроскоптың көмегімен құмырсқа тісінің бір текті ақуыздар мен мырыш қосындысынан тұратынын анықтаған. Мырыш атомдары тіпті көп, кейбір амин қышқылдарына тұтас бір шоғыры бекіген – мырыш құмырсқа тісінің жалпы салмағының шамамен оннан бірін құраған. Аталған зерттеу мәтінінде (мақалада) айтылғандай, техникалық тұрғыдан «төменгі жақ тістері» деп аталатын арнайы құрылымдар түзілген - олар мырыштың жеке атомдарын тығыз байланыстыратын материалдан тұрады. Ғалымдардың уәжі бойынша осынау табиғи биоматериалдың мықты әрі өткір болуына байланысты құмырсқа шақса немесе тістесе күш-қуатының 60% ғана жұмсауға мүмкіндік береді. Ғалымдар мырыш пен марганец сияқты кейбір элементтердің тістерді қатайтатынын айта келе жәндіктердің денесінде мұндай элементтердің қалай «қатайтатынын» әлі күнге құпия күйінде қалып отырғанын алға тартады. Десе де ғалымдар бұл сауалға мынадай гипотезаны жауап ретінде келтіреді: тіс қатты нәрсеге соғылғанда мырыштың байланысы (түзілісі) сынуы мүмкін, алайда, алдымен тістің өзіне тікелей зақым келмесі үшін соққыдан болатын энергияны сіңіріп алып барып сынады; артынан мырыштың қосымша қоры зақымдалған жерді «бітеуге» көмекке келеді.

0 пікір
Мұрағат