Маймылдың жаңа түрі табылды (фото)
Маймылдың жаңа түрі табылды (фото)
5 жыл бұрын 6849 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біз сөз етіп отырған жануарды адамдар бұрыннан біледі, алайда, оны өз алдына бөлек жеке түр ретінде танудан бас тартқан болатын. Ғалымдардың айтуынша, Амазонканың тропикалық ну жынысында тіршілік ететін ұлпа жүнді сұр маймыл бұрын белгісіз түрге жататын. Оны биологтар алғаш рет осыдан бір ғасырдан астам уақытта байқаған болатын. Алайда, оларды өз алдына бөлек жеке түр ретінде енді қарастырып жатыр. Маймылдың бұл түрі Plecturocebus parecis атауына ие болды. Олар Бразилияның Рондония штатындағы Серра-дус-Паресис жонын мекен етеді. Қазіргі уақытта аталған аймақта орман аяусыз оталып жатқандықтан маймылдың бұл түрі адам аяғы жете бермейтін тік те қия беткейде болғандықтан жойылып кетуден аман қалған. Оларды ең алғаш рет 1914 жылы байқағанымен маймылдың бұл түрін қателесіп, Plecturocebus тегінен тарайтын (бұл жануар да осы тектен тарайды) сак тобының примат түріне жататын қара қарғушылардың (Plecturocebus cinerascens)  қатарына жатқызған еді. Барлық денесін қара жүн қаптаған қара қарғушыларға қарағанда Plecturocebus parecis  маймылының жотасында қызғылт таңба бар, ал алқымы мен самай сақалы, омырауы, құйрығының ұшы ақ болып келеді. Десе де оның жеке түрге жататынына түпкілікті дәлел оның ДНК-сын өзге маймылдардың ДНК-сымен салыстырғанда пайда болды. Бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі Primate Conservation мерзімді басылымында жарияланған. Ғалымдар маймылдың бұл түрін жойылу қаупі төнген түрлердің қатарына жатқызуды ұсынып отыр. Өйткені, олардың тіршілік ету ортасы тар әрі олардың саны аз. Осылайша Plecturocebus parecis Бразилия аумағынан 2019 жылы табылған маймылдың жаңа үшінші түрі әрі XXI ғасырдың бас кезінен табылған маймылдың 20-сыншы түрі.

Plecturocebus parecis.jpg

Plecturocebus parecis.jpg

0 пікір
Мұрағат