Қытай кісі өлтіруге арналған ұшқышсыз аппараттарын Таяу Шығыс елдеріне сата бастады (видео)
Қытай кісі өлтіруге арналған ұшқышсыз аппараттарын Таяу Шығыс елдеріне сата бастады (видео)
4 жыл бұрын 2473 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытайдың әскери өнеркәсіп кешеніне қарасты бірқатар компания өздерінің ұшқышсыз ұшатын соққы беруші аппараттарын тыныштығы қашқан Таяу шығыс елдеріне сатып, осы заманғы қару саудасының көрігін қыздыра бастаған. Defense One ақпарат көзі мәлім еткендей, Ziyan компаниясы Саудия мен Пәкістанның қарулы күштеріне пулеметпен қаруланған Blowfish A3 ұшқышсыз ұшатын тікұшағын сатып жатыр. Әлемнің көптеген елдері саудасына тыйым салуды талап еткеніне қарамастан Ресей мен АҚШ бастаған кей елдер кісі өлтіруге арналған робот аппараттарын құрастыруда тоқтатқан емес. Ziyan компаниясының мәлімдемесі рас болса, бұл бағытта Қытай жетекші елдердің арасында көш бастаған. АҚШ-тың қорғаныс министрі кезінде мәлімдегендей, Қытай билігі осылайша әскери мақсатта қолданылатын жасанды интеллектіге қатысты адамгершілікке жат ұстанымымен көзге түсіп, өз технологиясын қарулы қақтығыс орын алған елдерге тықпалауда.

0 пікір
Мұрағат