|
Жануарлар әлемі: Шыбық тістеп ағаш тесігінен құрт-құмырсқа шығаратын қарғалар (видео)
|
Сент-Эндрюс университетінің ғалымдары қарғалардың бір түрі азығын табу үшін құрал қолданатынын анықтады. Гавай қарғалары таяқшаның көмегімен ағаштағы тесіктерден құрт-құмырсқаны шығарады. Ал ыңғайлы болу үшін ақылды құстар кейде артығын тістеп тастайды екен. Өзіне қажет шыбықты жерден таба алмаса, бұтақтардан жұлып алады. Осыған дейін таяқшаны құрал ретінде Жаңа Каледония аралында тұратын қарғалар пайдаланатыны белгілі еді. Ал Гавай қарғасы екі мыңыншы жылдардың басында табиғатта құрып кеткен және қазіргі кезде тек хайуанаттар бақтарында сақталған
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді