Жануарлар әлемі: Нидерланд полициясы дрондарды бүркітпен аулауда (видео)
Жануарлар әлемі: Нидерланд полициясы дрондарды бүркітпен аулауда (видео)
8 жыл бұрын 3031 inform.kz, The Guardian

Нидерланд полициясы рұқсатсыз әуеге көтерілген дрондарды ұстауға қолда үйретілген бүркіттерді сынап көрді. Бүркіт квадрокоптерді гуілінен танып, оны қуып жетіп, ебелегінен (винт) бүріп ұстайды. Бұдан соң құс дрон құлаған маңға қонады. «Сынақ барысында бірде бір бүркіт зардап шекпеді, дронның ешқайсысы құтылып кете алмады. Бұл жоғары технологиялық мәселелерді барынша арзан жолмен шешу», - дейді полицияның ресми өкілі Деннис Янус. Дронмен күрестегі осы шешім құсқа да айналадағы адамдарға да қауіпсіз. Бүркіттер 2017 жылдан бастап қызметке кіріседі, құс салумен 100 полиция айналысады. Құс салуды үйретумен "Guard From Above "компаниясы 2015 жылдан бері айналысып келеді. Болашақта саятшылық құстары қашықтан басқарылатын ұшу аппараттарын ұстап алып, қауіпсіз жерге жеткізуге үйретілмек.

0 пікір
Мұрағат