|
Жануарлар әлемі: Арабияда шөлдегі ыстыққа шыдамаған кесіртке көлеңкеге қарай қашты (видео)
|
Сауд Арабиясында осы күндері ауа температурасы 47 градусқа дейін жоғарылап, ыстықтан тіпті оған төзімді келеді деген шөлдегі жәндіктердің өзі зардап шегіп жатыр. Араб түбегі – жер бетіндегі ең ыстық мекендердің бірі. Шөл мен шөлейтті жерлерде орналасқан қалаларындағы температура қаңтар айының өзінде 8-20 градус аралығында жылы болып тұрады. Ал жазда бұл көрсеткіш +43 градусқа дейін шарықтайды. Елдегі тұрғындардың бірі көлеңке жаққа қарай жанұшыра асығып бара жатқан кесірткені бейнетаспаға түсіріп алыпты. Биологтардың айтуынша кесірткелер өз денесіндегі температураны реттеу үшін жиі көлеңке жер іздейді екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды