Жәндіктер тобы электр қуатын найзағайдай сақтай алады
Жәндіктер тобы электр қуатын найзағайдай сақтай алады
2 жыл бұрын 1731 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Эллард Хантинг

Жәндіктер тобы электр өрістерін өзгерте алады - бір метр биіктікте жүздеген вольттан мыңдаған вольтқа дейін. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған iScience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай көрсеткіштер зарядтың жиналуының биологиялық емес процестеріне тән – мысалы, найзағайлы (жай түсіретін) бұлттар. Үйір неғұрлым үлкен және тығыз болса, электр өрісі соғұрлым үлкен болады. Олар, тіпті, бұлт тамшыларының пайда болуына әсер ете алады. Мұндай қорытындыны Бристол университетінің ғалымдары жасады. Олар бір жәндік жинақтай алатын электр энергиясының статикалық зарядтары туралы деректерді зерттеді. Осыдан кейін көптеген үйірлердің көрсеткіштері компьютерде имитацияланды. Дененің көлеміне байланысты жәндіктер электр қуатының бір миллиардтан бастап триллионнан бір бөлігіне дейін жинай алады. Бұл, әрине, өте аз. Алайда, бес шақырымға дейінгі биіктікте жәндіктер айтарлықтай үлкен табындарға жиналады және олардың зарядтары айтарлықтай мөлшерде біріктіріледі. Мысалы, ондаған миллион шегірткелердің үлкен тобы су микротамшыларының, шаң тозаңдарының қозғалысына, тіпті, бұлттардың пайда болуына әсер етуі мүмкін. Жаңа зерттеудің бір бөлігі ретінде ғалымдар үйіліп жатқан аралардың жергілікті ауа райына әсер ететіндей көп электр қуатын өндіретінін анықтады. Бал араларының жанындағы электр өрістерін өлшей отырып, зерттеушілер жәндіктер найзағайдай көп атмосфералық электр зарядын шығара алатынын анықтады. Электр тоғының бұл түрі ауа-райы құбылыстарының қалыптасуына өз әсерін тигізеді және жәндіктерге қоректік заттарды іздеуге көмектеседі. Қазір ғалымдар тірі заттардың атмосфералық электр энергиясына әсер ететінін анықтады. Биологтар бал арасының (Apis mellifera) ұяларының айналасындағы электр өрістерін өлшеу арқылы осындай елең еткізетін жаңалық ашты. Мүмкін, жәндіктердің бұл әсері болашақ климаттық моделдерді әзірлеуге көмектеседі. Жәндіктердің кішкентай денелері қоректену кезінде ауа молекулаларының жылдам соғатын қанаттарына үйкелуінен (бал аралары секундына 230 рет қанаттарын қағады) немесе электр заряды бар беттерге қонғанда оң заряд жинай алады. Аралар, мысалы, атмосфералық электр энергиясын 1 метр биіктікте 100-1000 вольтқа өзгертеді. Сондықтан олар әдетте жер деңгейінде пайда болатын электр өрісінің күшін арттырады. Ғалымдар жәндіктер тобының атмосфералық электр энергиясына қалай әсер ететіні олардың тығыздығы мен мөлшеріне байланысты екенін тағы бір мәрте атап өтті.

 

0 пікір
Мұрағат