Генетикалық ақпаратын өз бетінше редакциялай алатын жануар
Генетикалық ақпаратын өз бетінше редакциялай алатын жануар
5 жыл бұрын 2176 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кальмар өзінің генетикалық ақпаратын өз бетінше редакциялай алатын теңіз жануары.  Аталмыш жаңалықты Теңіз биологиялық зертханасының ғалымдары ашты. Ал бұл бағыттағы зерттеу материалы Nucleic Acids Research мерзімді басылымында жарияланды.

2015 жылы ғалымдар осынау теңізде тіршілік ететін жануардың РНҚ-да (Рибонуклеи́ндік қышқыл) өз ақпаратын өзгеше деңгейде «редакциялайтынына» көз жеткізеді. Бұл жайт өз кезегінде жүйке жүйесінде пайда болатын ақуыз түрлерін дәл бағдарлауына мүмкіндік береді. Ғалымдар осы уақытқа дейін редакциялау нейрон ядросында жүзеге асырылып, содан соң модификацияланған мессендждік РНҚ жасушаға тап болады, деп есептеп келген болатын. Алайда, жаңа зерттеу нәтижесі бұлай болмайтынын көрсетіп берді. Редакциялау тек нейрон ядросында ғана емес, сонымен қатар, аксонда да (өзге нейронға электрлі импульсты беретін ұзын әрі жіңішке нейронды проекция) орын алатынына көз жеткізген. Бұл ғылымға бірінші рет белгілі болып отырған жайт екенін айта кету керек – генетикалық ақпараттың өздігінше редакциялануы жануар жасушасынан тыс аумақта да орын алады. «Ендігі жерде біз кальмардың РНҚ-ны жасуша перифериясында (орталықтан шалғай аумақта) модификациялай алатынын көрсетеміз. Бұл теориялық тұрғыдан жасушаның тек өзіне тән қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ақуыз қызметін модификациялай алатынын білдіреді. Бұл оған генетикалық ақпаратты бейімдеуге көптеген мүмкіндіктер береді»,- деді аталмыш зерттеуге жетекшілік еткен Джошуа Розенталь. Ал адамға келсек, аксон қызметінің бұзылуы жүйке қызметінің бұзылуымен байланысты. Ғалымдардың бұл жаңалығы адамдардың РНҚ-н емдік мақсатта табиғи жолмен редакциялау процесін енгізуге септігін тигізеді.

0 пікір
Мұрағат