Ғалымдар қан құрамынан майды арылтатын ақуыз өсіріп жатыр
Ғалымдар қан құрамынан майды арылтатын ақуыз өсіріп жатыр
5 жыл бұрын 2544 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тағы Цинциннат университетінің ғалымдарының бұл жаңалығы организмді майдан біртіндеп арылтатын құрал ретінде сипаттауға болатын шығар. Әрине, бұл арада арықтатын ғажайып дәрі турасында сөз болып отырған жоқ. Десе де зерттеу жұмыстары осы бағытта жүргізіліп жатқанын айта кету керек – ғалымдар организмге салмақ салатын қан құрамындағы артық майды шығару процесін басқару жолдарын іздестіріп жатыр. Әдетте жануардың денесі энергияны артығымен жинаса, яғни, оны сыртқа шығармаса, ол май триглецеридте жинала береді. Әдетте ол май қатпарында болады, көп мөлшерде жиналса, ол жерден шайылып, қанға өтіп, оның айналымына кедергі келтіреді. Мұндай жағдайда организмнен триглециридті шығаратын A5 (APOA5) аполипопротеин реттеуші ақуызы іске кіріседі. APOA5 ақуызы соншалықты көп мөлшерде шығарылмайды да, оның үстіне, ол терең зерделенбеген. Соған қарамастан америкалық ғалымдар оны синтездеу тәжірибесін қолға алды. Осы мақсатта бактерияларға тиісті генді енгізіп, бактерия өсіретін ферманы іске қосты. Нәтижесінде айтарлықтай жетістікке жетті – 1 литр ортаға 25 мл-ға дейін көбейте алды. Мол ресурсқа ие болған ғалымдар тәжірибедегі тышқандарды жемдеп, олардың қанын APOA5 дозасын арттыра отырып тазалауға кірісті. Аталмыш тәжірибе оң нәтиже беріп, олардың қаны, тіпті, майлы қоректік заттармен жемді тұтынса да триглицеридтен арыла бастады. Десе де бұл аталмыш тәжірибені адамға қолданса, сәтті шығады дегенді білдірмейді. Бұған қоса, оның ұзақ мерзімдегі (яғни, кейін белгілі болатын) және жанама әсерінің қандай болатынын болжап білу мүмкін емес.

0 пікір
Мұрағат