|
Австралияда альбинос тасбақасы табылды (видeо)
|
Австралия жағажайларының бірінен альбинос тасбақасы табылды. Мамандар «бұл – өте сирек кездесетін жағдай», - дейді. 100 мың бауырымен жорғалаушының ішінен тек біреуі ғана осындай болып өмірге келеді екен. Еріктілер оны «Алби» деп атап, мұхитқа жіберген. Альбиноспен бірге тағы 120 тасбақа жұмыртқаны жарып шығыпты. Алайда олардың барлығы бірнеше күн бұрын теңізге жүзіп кеткен. Айта кеткен жөн, бүгінде жасыл теңіз тасбақалары жойылып кетудің алдында тұр. Сол себепті оларды аулауға және жұмыртқасын жинауға тыйым салынады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді