Аса қауіпті вирустан араларға жойылу қаупі төніп тұр
Аса қауіпті вирустан араларға жойылу қаупі төніп тұр
3 жыл бұрын 2173 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Таяуда белгілі болған аса қауіпті вирустан күллі әлемде аралар жаппай қырылуы мүмкін. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Германияның Галле қаласындағы (Төменгі Саксония) Галле-Виттенберг (MLU) Мартин Лютер университетінің профессоры, дәрігер Роберт Пакстон деформацияланған қанат вирусының соңғы нұсқасы дүние жүзіндегі бал арасының популяциясын жоюы мүмкін екенін ескертіп отыр. Роберт Пакстон университетте жалпы зоология кафедрасын басқарады. Бал арасы мен жабайы ара ауруларының білікті маманының айтуынша, деформацияланған қанат вирусы дәл қазір бал аралары үшін ең үлкен қауіп болып тұр. Бұл тарапта зертханада арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, аталмыш вирустың жаңа, өте жұқпалы нұсқасы аралардыаз уақыт ішінде жоя алады. Соңғы 20 жыл бойы вирус нұсқаларын талдаудан өткізіп келе жатқан халықаралық ғалымдар тобы аталған жәндіктердің қанаттарына қатты зақым келтіретін, ақырында оларды өлтіріп тынатын вирустың нұсқасын тапқан. Вирустың жаңа нұсқасы варроа кенелері арқылы таралады, ол әлемдегі бал араларына ең үлкен қауіптердің бірі болып саналады. Бұл кенелер ұяшықтарға еніп, хризалиске жұмыртқа салу арқылы көбейеді. Роберт Пакстонның айтуынша, бұл кенелер тек вирус таратып қоймай, сонымен қатар, аралардың хрризалисін жейді. Кене популяциясын ерте бастан анықтап, құртпаса  немесе кенеден келетін кесапатқа шалдыққан аралар аурын ерте бастан емдемесе, аралар популяциясы баудай түсіп қырылады. Соңғы MLU зерттеуі жаңа нұсқаның Еуропадағы бұрынғы нұсқасын ауыстырғанын және басқа аймақтарға тез тарағанын көрсетеді. MLU ғалымдары бұл тарапта жаңа нұсқаның қай аймақтарға әсер еткенін анықтау үшін 3000 түрлі деректер жиынтығын зерттеді. Роберт Пакстон аталған вирустың жаңа нұсқасының Еуропада басымдыққа ие болғанын айта келе әлемге жаппай таралу қатері уақыт еншісіндегі мәселе екендігін ескертті. DVW-B деп аталатын жаңа нұсқа алғаш рет осы мыңжылдықтың алғашқы жылдарында кәрі құрлық (Еуропа) пен Африкадан табылды. Ол 2010 жылы Солтүстік және Оңтүстік Америкада тарала бастады. 2015 жылы DVW-B Азияға жетті. Роберт Пакстон аталған вирустың жаңа нұсқасынның Австралиядан басқа барлық құрлықта таралып үлгергенін жеткізді. Зоолог мұның себебін варроа кенесінің Австралияда кеңінен тарап, орныға алмауынан көріп отыр. Осылай деген ғалым омартаға жиі тазалық щараларын жүргізіп отыру арқылы бұл кеселден келетін қауіптің бетін қайтаруға болатынын алға тартты.

Ұқсас материалдар:

«Адамдар кесірінен аралар шағылысудан қалып барады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/adamdar-kesirinen-aralar-shagylysudan-qalyp-barady-16741/#gsc.tab=0);

«Тозаңдандырушы жәндіктердің қырылу себептері айтылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/tozandandyrushy-jandikterdin-qyrylu-sebepteri-aityldy-15625/#gsc.tab=0);

«Ластанған ауа жәндіктердің тозаңдандыру процесіне кері әсерін тигізеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/lastangan-aua-jandikterdin-tozandandyru-protsesine-keri-aserin-tigizedi-16347/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер азайып барады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jandikter-azaiyp-barady-16660/#gsc.tab=0);

«Жәндіктердің 40 пайызы жойылып кетті, енді тағы үштен бірі қырылады» (https://islam.kz/kk/news/alem/jandikterdin-40-paiyzy-joiylyp-ketti-endi-tagy-ushten-biri-qyrylady-13177/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну жабайы араларға да қауіп төндіріп тұр» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-jabaiy-aralarga-da-qauip-tondirip-tur-16250/#gsc.tab=0);

«Жаһандық жылыну: аралар қандай температурада қанша қашықтыққа ұша алады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/jahandyq-jylynu-aralar-qandai-temperaturada-qansha-qashyqtyqqa-usha-alady-15746/#gsc.tab=0);

«Жәндіктер жаһандық жылынуға төтеп бере алмайды – олар өз денесінің қызуын реттей алмайды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jandikter-jahandyq-jylynuga-totep-bere-almaidy-olar-oz-denesinin-qyzuyn-rettei-almaidy-14391/#gsc.tab=0);

«Келесі ғасырда жәндіктер толық жойылуы мүмкін (инфографика)» (https://islam.kz/kk/news/alem/kelesi-gasyrda-jandikter-tolyq-joiyluy-mumkin-infografika-11466/#gsc.tab=0)   

0 пікір
Мұрағат