Ирандағы зәңгілер (фото)
Ирандағы зәңгілер (фото)
4 жыл бұрын 3455 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның этникалық әралуандылығы туралы сөз болғанда алдымен ойға осы елде неше ғасыр бойы өмір сүріп келе жатқан ирандық африкалықтар емес, әзірбайжандар, парсылар, гилиандықтар, белуждіктер, т.б. ойға оралады. Алайда, арғы тегі Африкағы тайпалардан тарайтын ирандық зәңгілер ауызға алына бермейді. Осы елдегі олардың қарасы 1 млн-ға жуықтап қалса да. Ғасырлар бойы осы елде тұрып келе жатса да. Афро-ирандықтардың көбісінің ата-бабасы Иранға өз еркімен емес, құл болып келгендердер құрайды. Таяу Шығыс пен Африканың шығысындағы елдер Үнді мұхиты арқылы сауда жүргізіп келген еді. Соның ішінде құл саудасы да. Үнді мұхитындағы дәліз африкалықтар бағына ғана емес, сорына да айналған болатын. Зәңгілер осылайша Таяу Шығыс пен Үнді субконтинентінде кеңінен тарады. Парсы шығанағымын шектескен барлық елден кезіктіруге болады зәңгілерді. Дәлірегі, Иракта, Кувейтте, Оманда, Саудияда, т.б. елдерде зәңгілердің ұрпақтары өркен жайған.

1848 Иран билеушісі Мұхаммед шаһ құл саудасына тыйым салатын жарлық шашқан болатын. Алайда, құлдық Иранда 1929 жылға дейін сақталған болатын. Аталған ел парламенті құлдарға еркіндік беріп, өзге ирандықтармен құқығын теңесірген еді. Азаттық алған зәңгілердің дені елдің оңтүстігіне шоғырланған болатын. Олардың көбісі Хормозган, Систан және Белужстан, Хузестан провинцияларында шоғырланған. Міселен, Хормозган, Хузестан және Буширде олардың қарасы байырғы халықтың және түрлі ұлттар мен ұлыстардың жалпы санына шаққанда 15%-ды құрап отыр бүгінде. Зәңгілер орналасқан аймақтарына қарай жергілікті халықпен сіңісіп кеткен. Яғни, ассимиляциялану деңгейі әр түрлі. Мәселен, Систан мен Белужстандағы зәңгілер өзге провинциядағы африкалықтарға қарағанда қатаң касталық жүйені ұстанады. Ирандағы афро-ирандықтардың жоғарғы әлеуметтік тобына дурзадтар жатады. Иранға құл ретінде емес, Парсы шығанағынан маржан теруге келіп қалып қойғандардың ұрпағы. Ирандағы африкалықтар арасындағы касталық жүйе талабы бойынша осы елге құл болып келген зәңгілермен қыз алысып, құда болуға тыйым салынған.

Афро-ирандықтардың дені шиғалар. Десе де олардың көбісі әлі күнге дейін ата-бабасы ұстанған соқыр наным-сенімге негізделген әдет-ғұрыптарын ұмытқан емес. Мәселен, олардың арасында Зар ғұрпы сақталған. Бұл наным бойынша адамдарға екі түрлі желдің жетпісне қонған-мыс. Зар нанымы Мысырда да, Суданда да, Эфиопияда да кездеседі.

Афро-ирандықтар Иранның мәдениеті үлес қосып, өнерін байытты. Мәселен, бүгінде парсы биі аталып кеткен бандари биі тек Иранда ғана емес, сонымен қатар, Үндістан мен Әзірбайжанда да кеңінен танымал. Зар нанымы бойынша аталмыш бидің емдік қасиеті бар. Оны ауруды жеңу үшін билеген.

Afro-Iran: The Unknown Minority | Iranian women, African diaspora ...

Afro-Iran | The Unknown Minority by Mahdi Ehsaei — Mahdi Ehsaei

Afro-Iranian children in the Hormozgan province of Iran | African ...

Afro-Iran - Photo Book — Mahdi Ehsaei

Afro-Iran - Photo Book — Mahdi Ehsaei

women in trance during a zar ceremony, Qeshm Island, Salak… | Flickr

0 пікір
Мұрағат