Ғалымдар саналы түрде түс көрудің тың тәсілін ұсынды
Ғалымдар саналы түрде түс көрудің тың тәсілін ұсынды
1 жыл бұрын 1226 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Саналы түрде түс көру – сананың ерекше жағдайы, онда адам өзінің түс көріп жатқанын біледі әрі белгілі бір дәрежеде түсін басқара алады, яғни, түсіндегі оқиғаның өрбу барысын немесе жағдайдың беталысын өзгерте алады. Бұл жайында islam.kz порталы Science Alert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Саналы түс көру практикасы психотерапияда кеңінен пайдаланылады, дегенмен, білікті деген мамандардың өзі пациентті саналы түс көруге итермелей алмайды. Уисконсин-Медисон университетінің ғалымдары анық түс көрудің тиімді әдісін тапты. Олар жадты жақсартуға арналған арнайы дәрілер мен тәсілдердің адамға түс мазмұнын басқаруға көмектесетінін алға тартып отыр. Бұл тараптағы зерттеу барысында ацетилхолинэстераза тежегіштерінің, әсіресе, Альцгеймер ауруынан зардап шегетін науқастардың есте сақтау қабілетін жақсарту үшін кеңінен қолданылатын галантаминнің саналы түрде түс көруге бастайтын ықпалын зерделеді. Бұл бағыттағы тәжірибеде адамдардың өз түстерінің мазмұнына әсер ете алатынын, сондай-ақ, галантаминнің мөлшері түс мазмұнын бақылау деңгейіне ықпал ететініне көз жеткізді.

Ұқсас материалдар:

«Саналы түрде түс көрудің әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sanaly-turde-tus-korudin-adisi-tabyldy-16705/#gsc.tab=0);

«Түнгі таным: саналы түрде түс көрудің тетігі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-tanym-sanaly-turde-tus-korudin-tetigi-tabyldy-15860/#gsc.tab=0);

«Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/biznes-oz-onimderin-adamnyn-tusinde-jarnamalagysy-keledi-15387/#gsc.tab=0);

«Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tus-bolashaqtyn-habarshysy-jana-gipoteza-15388/#gsc.tab=0);

«Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birturli-tuster-gipotezasy-paida-boldy-15314/#gsc.tab=0);

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат